Уилл Смит қазақша сөйлейін деп жатыр...

Қазақ салт-дәстүрлері /
Кино… 4 әріпті сөздің ішінде қаншама қызықтар бар десеңші…
Қазақ елі сапалы кино шығара бастады… Біржан сал мен Жау жүрек мың бала соның дәлелі… айтайын дегенім бұл емес… Енді Мамыр айынан бастап Уилл Смит қазақша сөйлейтін болады… ия, кәдімді «Қара киімділер» фильмінің басты кейіпкерін сомдаушы Уилл. Уиллді қазақша сөйлететін — Азамат Қанапия. Түсініксіз болып кетті ме… онда нақтырақ айтайын… «Қара киімділер 3» фильмі қазақ тіліне дубляж жасалды. Айтакетерлік бір жайт фильм орыс тілінен емес, түпнұсқадан(ағылшын тілінен) дубляждалды… Жобаның бас демеушісі — «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры… таңдай қақтырарлық тамашасы көп бұл фильм жердегі өзге ғаламшарлықтардың қызметін зерттейтін ұйым қызметкерлері туралы екенін бірінші мен екіншісін көргендер жақсы біледі… Қара әшки киіп алатын қос жігітті қазақтар қазақша сайратқаны дұрыс болды… бұл — кино саласындағы бір асқан асуымыз… Енді Примерасын асыға күтеміз… «Көліктер 2» мультфильмінен кейінгі қазақша сайрайтын екінші туынды осы Қара киімділер(Құдалықтың қара кәстюмін кигендер)…

2 пікір

дұрысқой барлық әлемдіік кинолар осылай қазақшаланып тұрса…
balgalym
Уил Смиттікіндей таяқша болса ғой шіркін :)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.