Тобық сыйлау

Қазақ салт-дәстүрлері /

Суретте қойдың тобығы. (туған күнімде сойылып, бір қауым елге шашлык болуға жараған жақсы қой болды негізі). Бұл дәстүрді де сол кезде естідім. Қойдың тобығы маған ет туралып жатқанда, ал жалпы білмеймін қызға тарту етіледі. Кейіннен қыз оны қандай да бір жігітке сыйлайды. Жігіттен кез кез келген уақытта сұрағанда ол «міне» деп көрсете қоюы керек. Олай болмаса, жігіт қыздың айтқанын орындауға мәжбүр. Тиімді, тиімді емесін айта алмаймын (қанша көрініп тұрса да) Тобық әлі менде тұр))

43 пікір

MSHERIMBEK
туған күнімде сойылып, бір елге шашлык болуға жараған жақсы қой болды негізі
хехехеее, қатырасың:)
адал мінезді керемет қой еді
дещ:)))
pana
қайдан білесіііңңң??))
MSHERIMBEK
Мен ертең таяқ жегелі тұрған қойды айтып жатырмын да, негізі:)))
qyrmyzy
Керемет дәстүр екен! Жалпы, сыйлайын деп жүрген жігітіңіз бар ма?
pana
жоқ, әйтпесе сыйлап жіберіп, «тобығым қайда?» деп жүрер едім)))
Umit-Umit
Оны естігенмін. Бірақ қыз жігітке беруі міндетті түрде дегенді естімеппін. Себебі маған жездем берген тобықты «күндердің күнінде сұраймын жоғалтып алма» деген мен әліде сақтап жүрмін қолымдағы сөмкемнен тастамаймын тіпті неше жыл болды соған…
pana
мына төмендегі әңгімені айтып бергенде маған сыйлаған кісі кейіпкерлерін ауыстырып айтқан болатын, әсілі тке қыз сыйлайды деген сенімім содан қалыптасса керек. Рахмет, бұл вариантын да білдім!
Jako
Бұл жастардың ойыны, халқымызда бұрыннан келе жатқан көне дәстүр.Ілгеріде бір жігіт қызға тобық силап, оны қалайда жеңемңн деп қапысын аңдып жүреді.Сөйтсе қыз жазда бір мезгіл ауыл шетіндегі көлге суға түседі екен. Жігіт; «Бойжеткен суға түскен кезде сырт киімдерін шешер, сонда тобық қалтасында қалар да мен сұраған кезде тауып бере алмас»- деген оймен, суға түсіп жатқан кезінде тобығын сұрайды.Сөйтсе қызда ақылды екен, тобықты тілінің астында сақтаған екен «Тобығыңыз міне»-деп көрсетіпті деген әңгіме бар.Бұл осы бір дәстүрге халқымыздың қаншама мән бергенін көрсетсе керек.
pana
тегін жігіт болмағаны))
mairosh
Мұндай дәстүрді естімеппін)) Қызық екен))
pana
рахмет пікіріңізге)
AKA
Қызық екен… Қош келдіңіз! :)
pana
рахмет! қызығым басылмай, пікір жазған сайын мәз болып отырмын)))
ardak1996
О өте жақсы дәстур
pana
енді ойнап көріңіз жақында))
ardak1996
кезінде маған ағам берген, бірақ не үшін екенін айтпаған, бірақ маған жолың болсын деп берген. Түсініксіз
bravo
оооооо қыздың қолы:) астапралаааа
pana
айй,, неге астапралла? не болды?
bravo
ооооооооо мынау қыз маған тіл қатты!!! астапраллаааааааааа!!! мен неткен бақыттымын:)
pana
екінші астапраллаға сосын келеміз, біріншісі неге??қолыма комплексовать етіп жатырм(((
bravo
жоқ қолыңыз өте нәзік әрі әдемі екен. Ал «астапралланын» мәселесіне келер болсақ ол менің сіздің қолыңызды көріп қатты қобалжығанымнан ғой хихи:)
pana
рахмет)) новичоктарды олай қорқытпаңыз енді
bravo
жарайды жарайды қорқытпаймын — деп новичок новичокқа жауап беріпті :)
kozy
Ооо бүгін новичоктардың күні болды гой...)))
pana
көп екенбізғой!!! қандай жақсы!
bravo
қойыңызшы, сонда сіз де новичоксыз ба не? :)
pana
я, я, жап-жаңамын) екі күн маған, сізге ше?
bravo
негізі 26 сәуір күні сағат таңғы бесте тіркелгенмін! тек қазір ғана айтабердің кәйпіне кірдім)) қызыыыыық екен я:)
pana
кайфқа ұзақ кіреді екенсіз))
bravo
ұзақ жауап бермегенге кәйпі кетіп қалды деп ойламаңыз. таза ауамен кайптеніп келдім:) негізі өмірдің өзі бір — кәйіп емес пе? :)
pana
жооқ,26-сәуірден бері енді кайфқа кірдім дегенге айтамын,))
bravo
хехееее есесіне бір сезініп алған соң шыға алмай қалатын жайым бар))
kozy
Осындай «АСЫЛ НОВИЧОКТАРДЫ» құшақ жая қарсы алған айтаберліктерге рахмет...)))
bravo
братиииииишь 2кінші бөлмеге 1 минутқа кеп кетші а!
kozy
Денчик бара жатырмын...)))
kozy
Мен бірінші рет естіп тұрмын. Қызық екен))) Жанағы тобықты бала қызға сыйлауға болады ма???
pana
рахмет)) болады дейді, тошно білмейм,
kozy
Онда менде бір тобық алып келіннің миын ашытайында)))
pana
беги, келін, беги))) бірнеше тобық алып таратып жіберер ем жігіт болсам
Chimaq
Менде бірінші рет естіп тұрмын. )))
balgalym
қызық дәстүр екен, есте сақтау керек
Jako
Былтыр Дельфинамен ойнап ұтып кеткенмін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.