Атбайлар.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Мұның да екі түрі бар.
«Атбайлардың»-бірінші түрі ол салт.
Жас отаудың шаңырағы көтерілген соң ағайын туыстары оған шашу шашып, «керегесі кең болсын», «босағасы берік болсын» деген тілек айтады. Байғазы береді. Ет жақыны босағаға жылқы байлайды. Мұның аты «атбайлар».
«Атбайлардың»- екінші түрі ол кәде. Құда құдағилар келгенде немесе күйеу қалыңдығын алуға келгенде олардың жеңгелері алдынан шығып түсіріп алып, атын байлайды. Бұл «атбайлар»деп аталатын той салты. Оған арнайы кәде беріледі. Ол кәдеден тағы бір әйел тәбәрік сұрайды.

1 пікір

Korkem
Қызық, кітаптардан оқып жүрсек те аса мән бере қоймаған екенмін. Қазіргі кезде бұндай салт атымен жоқ-ау, оның орнына көрімдік, сүйінші береді, иә, ақшалай)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.