Қыз ұзату туралы ой

Қазақ салт-дәстүрлері /
Қазір біздің қазақ бойжеткендерін қолдан ұзату дәстүрі қалыптасып келеді. Ата-ана алақанына салып өсірген балапанын өз қолдарынан ұшырғанды қалайды. Сөз жоқ, жақсы ниет. Алайда мына бір жайт жөнінде ойландық па?
Қыз біткен қай жерден ұзатылады? Әрине, тойхана, мейрамхана, кафелерден кетеді. Артында көңілі босаған ата-ана, қимас ағайын көз жастарын сығып, үрпиісіп қала береді. Талай тойдан кейінгі көрініс бұл. Осы үрдіс бізге қайданкелді?

Қыз – кие. Қыз – қасиет. Қыз – өріс. Қыз – намыс. Қыз – ар. Қыз – адал жар.
Қазақ қызын ардақтай білген ел. Бақыт құсын қолынан ұшырғысы келсе, неге кафеден емес, өз үйінің босағасынан, керегесінен аттандырмайды?
Ұзату тойының салтанаты жасалсын, ол жоғарыдағы жайларда өтсін дейік. Бірақ тап сол күні жау шапқандай дүрлікпей, ертесіне, қызды бүкіл жөн-жоралғысымен ата шаңырақтан аттандырып салса болмас па?
Бұл сұрақ сізді ойландыра ма?!..

5 пікір

qyrmyzy
Әкем...әкеме ауыр… Кейде алып қашып кеткені дұрыс па деп қалам. Қыз ұзатылып бара жатқандағы көріністен қашам. Қатыспауға тырысам.
ертесіне, қызды бүкіл жөн-жоралғысымен ата шаңырақтан аттандырып салса болмас па?
толық келісем
Korkem
Иә, ойланарлық жәйт. Өзбек, түрік ұлттары тойханаларды дүркіретіп өткізгенін талай көрдім, бірақ олар тойханадан соң қыздарын үйге әкетіп, ертеңіне құтты босағаларынан аттандырады қайта дастархан жайып. Біздің қазақ той істегісі келсе неге солай етпеске?
Сіздің мына сөздеріңізден кейін ойланып-ақ қалдым, жақсы айттыңыз.
Қыз – кие. Қыз – қасиет. Қыз – өріс. Қыз – намыс. Қыз – ар. Қыз – адал жар.
pana
қызды бүкіл жөн-жоралғысымен ата шаңырақтан аттандырып салса болмас па?
күшті жазғансыз!
balgalym
ырымшыл қазақ :) меніңше бұнда тұрған ештеңе жоқ, қай жерден шығарып салса да жақсы тілекпен шығарып салсын.
Jako
balgalym.aitaber.kz/profile/, бұл ырым емес, ата-бабамыздан келе жатқан салт, дәстүр.Қыздың өз босағасынан ұзатылып,өлі-тірісі өз босағасында таратылуы дұрыс болады.
Амал қанша қазір түрлі салттар шығып жатыр ғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.