Мақалдар туралы пікірім.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Былтыр СЖ-да Мысық атты қолданушы осы сұрақты жазып еді, мынау соған жазылған жауап еді.Бірақ жазуын жазып алып, «осым дұрыс па, жоқ әлде бұрыс па» — деген ой мазалауда, сондықтан Айтаберліктердің талқысына салғым келді. Қалғаны өздеріңіздің қолдарыңда.

Абай атамның мына мақалдары сынағаны дұрыс па, маған керек еді, тез жауап күтемін.


Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі
Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іскетатырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.
Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол — ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі.
«Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген — ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.
«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.
«Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.[1]
осындағы макалдар га абайдың сынымен келиссениз неге килиспесениз неге соны жазып бериниздерши өтінем сабакка керек
Мысық.

Мысеке, мен Абай атамның қасында кіммін, бірақ амал жоқ«ДАТ»-деймін.Мен бабаларымыздан қалған мақалдарды Абай атамнан арашалап көремін.Себебі өз түсінігімде бұл мақалдардың бәрі де өте дәл, тіліп түсер өткір мақалдар деп білемін.
1)-" Жарлы болсаң, арлы болма"-деген мақал менің түсінігімде,өзің кедей бола тұрып кесірленбе, жалған арланба, жомарт беріп тұрса ал,үйіңде қатын-балаң аш-жалаңаш отыр, солар үшін өз арыңды құрбандыққа шал садаға ет дегені деп білемін.Өз жан-ұямнан арымды жоғары қойғанымша солар ұшін жанымды да қиғаным жақсы деп ойлаймын.Осы жерде қазақтың « Кедейдің кербезінен сақта » — Деген мақалы дәл келіп тұрғандай.
2)-"Қалауын тапса, кар жанады"- деген де керемет мақал. Сен бір тірлікті қалай болса солай жоспарсыз бастасаң айлап істе, жылдап істе бәрібір түк шықпайды.Еңбегің еш болып, бар жиған-тергеніңнен айырылып, екі саусағыңды мұрыныңа тығып қаласың.Ал енді сол тіршілікті көзін туып, ебіне келтіріп жоспармен істесең қысқа ғана уақытта бітіріп бейнетіңнің зейнетін көресің.Міне қалауын тауып қардың жанғаны осы.
3)-«Атың шықпаса, жер өрте»-дегенде, бұл мақалды бабаларымыз үлгі, бағыт-бағдар есебінде емес, сақтандыру, жирендіру, кекесін мақсатында айтып отыр.Мысалы бұл мақал қазіргі «жетпіс мұсылманды құрбандыққа шаламыз»-дегендерге дәл келіп отыр.Кім бұларды жақсы дейді, бірақ атақтары шығып жатыр.Міне осынлай жаманатпен аттарың шығып қалмасын деген ойдан туған мақал деп түсінемін.
4)-«Алтын көріп, періште жолдан тайыпты»- деген мақал мыңдаған жылдар бұрын айтылса да дәл бүгінгі күннің суретін беріп тұрған мақал.Бұл жерде бабаларымыз Алланаың елшілері періштелерді емес, адамдар арасындағы қызметінде періштедей адал болуға міндетті әділ қазыларды, соттарды,қолында билігі бар ел ағаларын айтып отыр.Соларды көзден шұқып отырған жоқ па? Жақындағы ғана Қазақстанның Жоғарғы сотындағылардың әрекеті дәл келмей ма, байқасақ.
5)Бұл мақал -«Ата -анадан қалған мал тәтті, Алтынды үйден шыбын жан тәтті»-деп айтылатынын білуші едім.бұл жерде Абай атамның неге өзгертіп алғанын түсінбедім.Бұл мақалды түсіндіріп жатудың өзі артық.
Әкеңнің бөліп берген еншісі дүниедегі ең артық мүлік сол, ол әкеңнің көзі деген сөз, бұл жерде сол туралы.Ал жанға тірелгенде малда, атындаған үйіңде құрбандыққа шалынып кететіні рас қой.
Сонымен Абай атам өзі кешірсін, мен бұл мақалдарды даналық деп білемін.

9 пікір

Korkem
Жақсы айттыңыз. Өкінішке орай, мен Абай атамыздың сөздерімен келісіп қойып едім. Мүмкін түбіне үңілмегенім болар…
мынау жазбаңызға біраз уәж айтар ем, реті келмей тұрғаны
Jako
Көркем айтабер аямай,өзім де сол үшін салып отырмын.
pari
Мен бір концертте "Қожанасырдың айтқандары" атты сатира жанрндағы осындай мақалдарға байланысты Қожекеңнің жазғандарын оқып едіім, күлкілі етііп.
balgalym
«Жарлы болсаң, арлы болма»
Осы жерде Абай садаға ету туралы жазып тұрған жоқ, ең болмағанда көше сыпыр, байдың кірін жу, тағы сондай әйтеуір бір еңбек етіп бірақ арыңды сатпай табу керек дейді, ал арыңды сатып еңбек деген меніңше ұрлық, алдау, әлімжеттік, жезөкшелік міне осылар нағыз арсыздық. Меніңше Абай бұл жерде «арлы болма» деген сөзге түсіктеме беріп жатыр. Оны тікелей түсініп қалмауы үшін.
«Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ»
Бұл мақал енді нарық заманының мақалы болып тұр ғой. Егер, сұраныс болса ұсыныс болады дегендей, әр-бір сұранысқа ұсына берудің қажеті жоқ дегені. Мысалы жезөкшелік, нашақорлық, оларға сұраныс өте көп болғандықтан ұсыныс та бар. Осындайды ұсынғанша, адалд еңбек ізден демекші.
«Атың шықпаса, жер өрте»
Абай: Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?
Жәке: Міне осынлай жаманатпен аттарың шығып қалмасын деген ойдан туған мақал деп түсінемін.
Жәке, Абайдың сөзін қоштап отырсыз ғой.
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»
Абай: өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.
Бұл жерде осы мақалды айтқанға, қай жағдайда айтылғанына назар аударыңыз. Осы жағдайда әлгі судьялар өзінің ісіне қандай-да бір ақтау ойымен осы мақалды айтудан тайынбайды ғой. Бұл мақалды айтатындай жағдай болмау керек дейді. Пайдасыз мақал.
Jako
Абай: өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.
Бұл не дегенің, түсінбедім.

Мысықтың білгісі келгені мақалдар жақсы, орынды ма, жоқ әлде іске алғысыз ба?.. Осы керек болып тұр.
balgalym
Абай:
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.
бұл мақалдарды пайдаланса да, абайлап пайдалану керек, ләж болса бұл мақалдардың пайдаланбағаны жөн, меніңше.
Jako
Келісемін, демек менде дұрыс айтқан сияқтымын.
ereke_enu
Меніңше, мақалды қалай түсінгеніне байланысты, әркімнің өз пікірі дұрыс болып қала беретін секілді.
Jako
Себебі әркімнің өз пікірі,өз көзқарасы бар ғой, соған байланысты болар.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.