Жарысқазан

Қазақ салт-дәстүрлері /
Біздің қазақ халқында салт-дәстүрлерімізбен қатар ырым-жырымдарымыз да аз болмаған. Оның салт-дәстүрге қарағанда айырмашылығы қатаң сақтау талап етілмеген, адамдардың еркіне салынған. Егер қаласаң, сенсең ұстан, болмаса өзің біл дегендей. Бірақ негізі жақсылық тілеуден, жәрдем күтуден туындағандықтан күні бүгінге дейін қалмай келе жатқандықтары өте көп, ол үшін адамдарды жазғыруға да болмас деп ойлаймын.Сондай ырымдардың бірі жарысқазан туралы жаза кетейін.
Жарысқазан (ырым). Әйелдер босанар сәтте ауылдағы абысын-ажындары қазанға жеңіл желпі тамақ істеп оны босанатын әйелден бұрын пісірмек болып «жарысады». Халық ұғымы бойынша туатын бала «жарысқазанға» қатысып, одан бұрын өмірге келуге тырысады деп түсінген. Бір қызығы әйелдердің жақсы ниет, ыстық ықыласынан болар, бұл ырым көбіне өзін ақтап отырған деседі әжелеріміз. Әйел босанған соң сол істеген тамақтарын ортаға салып, жас ананы құттықтап, дастархан жаятын болған.

2 пікір

Manas
Бұл ырымды бірнеше рет естіп тұрмын.
Togzhan
Қызық екен, бұрын естімеген екенмін. Қазір бұл ырым орындалмайтын сияқты.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.