Мал етінің пайдасы туралы.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Төрт түлік мал етінің химиялық құрамы мал-дың түріне, тұқымына, жынысына, жасына, қоңдылығына тығыз байланысты. Қолда өсірілген малдың етінде орта есеппен 52,8-73,7 пайыз су, 15-20,3 пайыз белок, 5,8-29,4 пайыз май, 0,8-1,1 пайыз күл болады. Және де әрбір мал түлігі етінің бір-бірінен биохимиялық құрамы мен дәмі жағынан айырмашылығы бар. Сиыр етінде гистамин көп болса, мал етіне қарағанда құс етінде коллаген мен эластин аз және жеңіл қорытылады.
Мамандар еттің өте пайдалы тағам екенін, алайда оны шамадан артық жеудің зиян кел-
тіруі мүмкіндігін ес-ке салады. Жалпы, жеңіл дене еңбегімен шұғылданатын ересек кісілерге күніне 150-200 грамм ет жеу жеткілікті. Негізінен, етте толып жатқан минералды заттар, соның ішінде темір мен дәрумендер бар. Әсіресе, бауыр темірге, А1, В2, В12 дәрумендеріне бай. Ең маңыздысы, еттің құрамындағы экстрактивті заттардың болуы. Етті қайнатқанда ол сорпаға шығады.Қазақта «ет етке, сорпа бетке»- деген бір жақсы сөз бар.Келесі бір қолым тигенде соғым туралы жазармын

Мақсұтбек Сүлеймен.

6 пікір

Chimaq
Paidaly jazba eken…
Qazaqqa osy tort tulik maldyng eti jetet deimin ,taghy tauyq ,qaz ,uirek,balyq degen musylmandar jeuge ruhsat etilgen januarlardyng eti syiaqty,olar Qazaqqa jaghad..Ana dongyzdyng eti deima,itting eti deima mysyqtyng eti daima ....ony oilasam jirkenem,Qazaqqa jaqpaid dep oilaiym…
Korkem
ох, ет па? Айына бір көремін оның бетін)))
0,8-1,1 пайыз күл болады
надайды оқыған соң уаще желаниям қашады)))
balgalym
ия, етті көп жемесек те сорпасын рахаттанып ішеміз :)
Begimzhan
Қой еті — ертеңгі күн батқанша,
Сиыр еті — бозарып таң атқанша,
Жылқы еті — төсек салып жатқанша.
Әлемде ет жеуден қасқырдан кейінгі екінші орынды қазақ алады деген әзіл де бар емес пе?!
AKA
Jako
Ой, рахмет, кезінде автордың атын жазып алмаған екенмін, есіме түсіре алмай қойып едім жақсы болды.Қосып қойдым.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.