Етті мүшелеу.
Обал – сауапты ойлайтын, мал бағып, ет жеуді қорегінің негізі санайтын қазақтар сойылған малдың етін қиқымдамай, балтамен шауып, сүйегін жаңқаламай, таза боршалап, тұздап алады. Қонақасыға, күздікке, соғымға сойылған малдың етін жілік-жілігімен бөлшектеу – ет мүшелеу деп аталады. Малдың төрт аяғында 12 жілік болса, оң, сол жағындағы қолы мен санының әрқайсында мынандай сүйектер бар: жамбас, ортан жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік, жауырын. Мал сойылғанда осы жіліктерді буын-буыны бойынша ажыратып бөледі. Бұл әдіс жіліктеу деген атауға ие. Қой етін жіліктегенде оны 13 мүшеге бөледі: 2 жамбас, 2 ортан жілік, 2 асықты жілік, 1 бел омыртқа, 2 сүбе қабырға (сүбемен қоса бүйректен жоғарғы 5 қабырға кетеді), 2 қабырға, 1 төс, 1 омыртқа, 2 жауырын, 2 тоқпан жілік, 2 кәрі жілік, 1 бұғана, 1 мойын. Басқа малдарда да осындай мүшелер бар.Бәрімізде қазақ баласы болғандықтан пайдасы тиер деген ниетпен жарияладым
Мақсүтбек Сүлейменов.
Мақсүтбек Сүлейменов.
7 пікір
Тарыс