Ен-таңба.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Ен таңбасы туралы жастар үшін білгенімді жазып кетейін.«Ен салу, таңбалау» — дегендеріміздің түбірі тереңде.Негізгі шаруашылығы мал болғанан және ол маң далада төрт аяғымен қаптай жайылған соң қазақ халқының арасында малға талас даулары аз болған жоқ, әрі шешімі қиын, дәлелденуі күрделі болды. Осыны түсінген қазақ билері әр руға өз таңбасын, малдарына ен таңбасын белгілеп берді және ол кесіп тастауы мүмкін емес, өзгертуге оңайшылықпен келмейтін етіп жасалды. Егер малға ру таңбасын басатын болса оны жамбасына темір таңбаны қүйдіріп басу арқылы іске асырып отырған.Одан малға да еш зиян келмеген, біраз күнде — ақ жазылып кеткенімен таңба бадырайып көрініп, жылқы кімдіке екені білініп тұрған. Ал малдың құлағына салынған таңбаныЕН — деп атаған. Еннің түрі өте көп, және бірін-бірі қайталамаған.Мысалы: ойык,қиық, шорт кесік, тілік т.т. с сияқтылар көп,әрі оныңи әрқайсысының бірнеше атауы. Тілік енін алсақ солақай тілік, оң тілік, қос тілік — деген сияқты белгілері көп болған. Олар малдың еш сәнін бұзбаған, қайта жарасым берген. Кейін келе КСРО кезінде арнайы мал шауашылығымен айналысатын ірі колхоз, совхоздар көбейген кезде ен салу құлаққа сырға салу тәсілімен ауысты.

20 пікір

Korkem
Иә, ауылда сырғалы сиырлар көөп
qyrmyzy
малдың да жаны бар:(((
banzaika1990
Сырға салғанды қойып, итіміз қабаған болсын деп овчаркаларының құлағын түбінен кесіп тастағандарды көргенбіз. Сондықтан Қырмызы, малдың құлағына сырға салған түк емес-ау
MSHERIMBEK
Біздің үйдегілер C деп таңбалайды. Атамның атымен))
MSHERIMBEK
Еніміз солақ-тілік))) Әсіресе, қойлар қосылып кеткен кезде ең керекті нәрсе)) Әбден бөле беріп көз қырағы болып кетеді екен:)
kozy
Иәә, бұрындары ҚараСақал айтатын, меніңде атым С-дан келед, мына таңба мағанда қатысы бар деп!
Zhanat
сары сырғалы сиырлар каптап кетті ғой
AKA
Ал, керек болса!
Jako
Ол не пәле, сырғалы сары сиыр деген?
MSHERIMBEK
Мынадай аватардағы қыздарды айтқан-ау)))
banzaika1990
Қазір үйдегі барлық малдарда паспорт болуын талап етіп жатыр ғой. Көктемде бір қызық болған. Ауылға барғам. Дәл қой қоздап, түйе боздап, қорамыз у-ду боп жатқан кез. Бір күні сиырларымызды егуге ветеринарлар келді. Сиыр мен тайыншаға екпе екті, паспортын тексерді. Жаңа туған бұзаудың атын сұрады. Оған тез арада паспорт жасатуымызды айтты. Сосын қой қораға барып, әлгі ветеринар ағамыз иегін сипаааап тұрып «Мхм, мына қозыларға да ат қойып, паспорт жасату керек екен» деп, бұрылып жүріп кеткені. Біз қалжыңы ма, шыны ма деп қорадағы 15шақты қозымызға қарап аңырып қала бердік. Артынан апамның "Әй шал, немереңе 3айынан ойланып-толғанып, ұйықтамай есімін әрең таңдап едің, ал қозыларыңды қайтер екенсің" деп қағытқаны бар еді.
Jako
Шаш ал десе бас алатын шолақбелсенділер қозыларға да ат қой деуі әбден мүмкін
banzaika1990
Тағы бір қызық. Бұрында аталарымыз қойға ен салғанда өз есімдерінің басқы әріпін қәдімгі үй сырлайтын сырлармен бастыратын. Ол кезде ауыл кішкентай, бір ауылға бір-ақ дүкен болатын. Аталарымыз дүкенге барып сатушыға «Көк сырды мен алам, ешкімге сатушы болма», "Қызыл сырды мен алды деп айтарсың" деп тапсырып жататын. Содан қорамызға бөтен қой кіріп кетсе, сатушы апайдан «Апай қара сырды кімге сатып едіңіз» деп «прикол» ұстап сұрап жататын едік))))))))))))
Jako
Сол кездегі адамдардың жүректерінің ақтығының кішкентай ғана анықтамасы. Ал қазір қораға кірген қойдың шығуы екіталай шығар, бояу жақпақ тұрмақ.кіргенін көзімен көріп тұрса да.
banzaika1990
Заманға қарай адам ғана емес, малдар да өзгеріп жатыр ғой. Қазіргі қойлар біреудің қорасын аттаса шаруасының бітетінін біледі. Сондықтан кешке өрістен қайтқанда, ешқайда «на лево» кетпей, тұп-тура үйіне қарай безеді)))))))))))))))))))))))
Jako
Бұған келісемін, бұрындары маң далада топ-топ болып жосып жүретін ақбөкен жарықтықтар көлік келе жатса жарыса қуалап көлік жолын кесіп өтуші еді.Ал адамдар желмен жарысқан жүйрік аңның бізден жүйрік жоқ дегенді дәледейтін серті екен деуші еді.Ал қазір заманға бейімделгендігі сондай көлік дауысын естісе бұғып жата қалады екен.
banzaika1990
Рас. Бұрын түнделетіп жолға шықсақ трасстың үстінде әрлі-берлі зуылдап жүгіріп жүрген тышқандар мен саршұнақтарды қызықтап лобовойды тесіп шығардай боп отырушы едік, қазір о да жоқ.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.