Қарындасқа ақыл
Басқа ұлттың жігітін сүйемін, сонымен бас қосқым келеді, ата-анам қарсы,әсіресе әкем тыңдағысы да келмейді депсің. Бұлай бола берсе шет елге қашып кетсек па деген ойымыз бар дейсің. Мүмкін бұл мәселені шешудің оңай жолы болып тұрған шығар.Бірақ ата-ана алдындағы перзент парызы деген бар емес пе? Әрқайсымыз өз қарақан басымыздың ғана бақытын ойласақ басқа ұлттарды білмеймін, ал қазақтың қабырғасы қақырары анық…
Әке өз баласына еш уақытта жамандақ ойламайды, ол кісіні де түсінуге болады. Сен туған күннен бастап небір тәтті ойлармен бақытты болып, сен болашағыңды өзінше жоспарлап сонымен өзінің сені өсіруге, оқытуға, былайша айтқанда адам қылуға жұмсаған өмірінің өтеуі сол болады деп жүрген адам емес пе. Сөйтіп жүргенде сенің шешімің төбесінен тас түскендей болған ғой. Оны қазір түсінуің қиын, кейін бала өсіргенде білесің.Ешқандай әке өз перзентін қарғамайды да, жамандық ойламайды.Тулайды, ашуланады бәрібір жеңіледі, сен жеңесің.Шешеңе айтып әкеңе сөзі өтетін адамдар ағайын, достары сияқты адамдарды араға салып көр.Өз бармағын өзі шауып тастай алмайды, бәрібір көнеді.Бірақ сол керек па, соны тереңден ойлан.Мен әкемін,өмірді көргенмін.Сені танымаймын,«не болсаң, ол бол»-десем де болады. Бірақ олай істей алмағандықтан да сенің өміріңді, келешегіңді ойлап қиналып отырмын. Ертең үй болғанан соң ,өмірге бала келер. Ол бала қазақпын демейді әкесінің ұлтын алады. Кез-келген әке немере десе елжіреп тұрамыз. Әкең немересін көріп жүрегі езіліп, бар мейірін төгіп, кішкене кезіңдегі сені еске алып төбесінен асыра көтеріп кімнің баласысың десе немересі «атамның»-дейді емеспе, сол кезде әкеңнің төбесі көкке жетеді.Оның артынан "Құдай,құдай, қай елсің"- деп сұрайтынымыз тағы бар емес пе, сол кезле немересі: "қытаймын,өзбекпін немесе орыспын"-деп тұрса, жаңа ғана төбесі көкте тұрған әкең жерге кіріп кетпей ме. Сонда оның сені өсірген, жеткізген еңбегінің өтеуі не болғанын,өзіңнің казіргі жеңген жеңісіңнің не нәтиже бергенін сен де түсінесің, бірақ кеш,өте кеш болады. Әкең соны осы бастан ойлап отыр, сондықтан да ол әке. **Сен бәрібір жеңесің,әке жеңіледі ішінен қан жылап, бірақ сол керек па, соны ойла.**.
Құрметпен JAKO ағаң.

39 пікір
Басқа ұлтпен бас қосқандардың ұлы болмасын,қызы болмасын бәрінің ата-анасы сыртқа білдірмегенмен іштерінен қиналып жүреді.Балалар соны білсе екен деген ой менікі.
Ғашық болды делік қыз, әкесі тек ұлтына бола қызын бергісі жоқ, ал егер тап сол өзге ұлттың баласы қызының бағы болса ше? Өмір бойы аялап, алақанына салып, бақытты қылатын болса ше? Өйткені, адам деген тек ұлты ғана емес қой. Бұл әкеннің ойлауы керек дүние. Бұл жерде әкесі дұрыс айтады, қызы дұрыс айтады деген жоқ. қайткенмен, екі жақтың да ұтпайтыны анық… Ертең мына қыз тұрмыс құрмай, отырып қалса, ең бірінші боп әкесі өкінеді…