Қара шаңырақтың қасиеті

Қазақ салт-дәстүрлері /
Ата бабамызда қасиетті қара шаңырақ деген сөз бар, мұндағы шаңырақтың киіз үйдің қақ төбесіндегі қасиетті,, киелі, бөлігі. Шаңырақ үй, отбасы дегендіде білдіреді. Отбасын құрып, қол ұстасып, бірге аттанған жастарға Шаңырағың биік болсын деп бата береді. Бұл құрған отбасының тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.
Шаңырақ тоғын, күлдіреуіш және кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғын деген кәдімгі шаңыраққа дөңгелек түр беретін шеңбер. Тоғынның сүйегіқайыңнан жасалады. Оюлап өрнектеп, айналдырып жиілетіп уық кіргізетін ойықтар жасап, уық қалам тәрізді үшкірленетін болғандықтан, қаламдық дейді. Күлдіреуіш болса, шаңырақтың күмбезін жасайды. Кепілдік күлдіреуіш орнынан қозғалып, кетпес үшін қолайлы.
Үйдің сүйегі дайын болған соң, оны қызыл жосамен немесе қызыл, көк бояулармен бояп, өсімдік майымен майлайды. Су сіңбес үшін жасалады. Бай адамдардың шаңырағы, тіпті, күміспен, сүйекпен, мүйізбен әшекелейді.
Шаңыраққа да киізден түндік жасалады. Қойдың ақ күзем, күзде қырқылған жүнінен басылады. Шаңыраққа желбау деп аталатын ою өрнекті 4 шашақты жасалады. Шаңырақты бастыру үшін және көшкенде байлау үшін қажет. Желбау үйге әсем түр беріп тұрады. Түндікті үйдің басқа киіздері сияқты дайын болған соң, ақ бормен, немесе, күйген сүйекпен борлайды. Әдемі түс беріп, әрі киіздің берік болуына, суға, ыстық суыққа шыдамды болуына ықпал болады.
Қара шаңырақ отбасы адам баласының алтын діңгегі. Адам шыр етіп дүниеге келісімен, отбасының есігін айқара ашып, ер жетіп, тәрбие алады.
Қазақ халқы шаңырақты қасиетті санап, қатты қадірлеген. Ел басына күн туып, қара қазан сары баланың қамы үшін керегесін кессе де, шаңырағын шаппаған.
Үйдің дәл ортасында күннің жердегі бейнесі іспетті ошақ орналастырылады. Ошақ әлемнің орталық кіндігі есепті. Дәл үстінде күн символы шаңырақ оның үстінде аспандағы күн тұрады.
Жас отаудың Шаңырақ көтерудің өзі қазақ үшін тағы қызықты, ерекше сәт, отаудың шаңырағын кім көрінген көтере бермейді. Бұған баласы көп, кәрі күйеу керек. Ыңғайлы жер, отау өте үлкен болса, кәрі күйеу шаңғырақты аттың үстінде көтереді. Еңбегіне не ат не түйе мінгізеді. Малды отауды көтерткен жақ береді. Жас отаудың шаңырағын кәрі күйеуге көтертуде үлкен мән, ырым бар. ЖДасы үлкен күйеу қашанда елге сыйлы және тілектес адам. Қартайған сайын жұртына қадірі, сыйы артады. Кәрі күйеу келсе, ауылдың үлкені, кішісі, еркек әйелі онымен бір қағыспай, қажаспай қалмайды. Шаңырақ көтеруде осындай терең сыйластық бар.

3 пікір

Jako
Тамаша жазба Мәке, тұшынып оқыдым. Шаңырақты кәрі күйеуге көтертетінін мен білмейді екенмін.
Jako
Біздің қазақ: "қара шаңырақ,қара қазан, қара бала" — деп аса қадір тұтқан ғой.
AKA
Жақсы! Бастапқы мәлімет жайлы білмеппін…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.