Қымыз түрлері

Қазақ салт-дәстүрлері /
1 Уыз Қымыз — биені алғаш байлағанда ашытылатылатын қымыз. Бие бау деп те атайды.

2 Бал Қымыз — әбден піскен және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндайда қымыздың түрі әдеттегідей қымыздан гөрі сары әрі қою болады.

3 Бесті Қымыз — төрт түн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз

4 Дөнен Қымыз — үш түнегеннен кейін қотарылатын, мейлінше ашуы жеткен қымыз.

5 Жуас Қымыз — үстіне саумал құйып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенде ішуге қолайлы болуы үшін осылай істейді.

6 Құнан қымыз — екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. Түнеме қымызға қарағанда өте күшті.

7 Қысырақ Қымыз — бірінші рет құлындаған биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қулық биенің сүті жылда сауылып жүрген сары қарын мама биелердің сүтіне қарағанда әлде қайда қуатты болады. Ту қымыз деп те атайды.

8 Қысырдың Қымызы — бие ағытылғаннан кейін, жем шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып, қыстай қолда сауады. Сондықтан қысырдың қымызы дейді.

9 Сары қымыз — шөп пісіп, биенің сүті қойылған кезде ашытылатын қымыз. Жазда қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады.

10 Сірге Жияр Қымыз — бие ағытылар кезде ең соңғы қымыз. Алғаш байланып, уыз қымыз ішерде той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады.

11 Түнеме Қымыз — ескі қымыздың үстіне саумал құйып, келесі күні қотарылатын қымыз, тағы бір күн асқан соң тағы қотарылатын қымыз.

2 пікір

Jako
Пах шіркін, қымыз, қайран қымыз.
Chimaq
Osy jaz bolghannan beri ara-tura iship jurmin...)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.