Біле жүріңіздер...

Қазақ салт-дәстүрлері /
Қағай: Асыранды бала. Қазақтар оны тонды бала деп те атайды. Өгей емес, қағай емес, өзегімді жарып шыққан өз балам деген сөз төркіні бар

Қада: Үлкен қазық. Қақпаның, қашаның есігін ұстату үшін орнатылған, әлде қағылатын шағын діңгек. Үлкендігі ат байлайтын мамадан кішірек болады.

Қайқы: Қылыштың бір түрі. Қылыш төрт түрлі болады. Қайқы, тура, қамқам, самсам.

Қалендар: Дуана, диуана, ел ақтап, қайыр садақа жинап, бал ашып, көріпкелдік жасап жүретін арқалы адам. Мінгенде атың қарагер, не сұрайсың қалендар деген ертегінің сөзі бар.

Құдайы: Қауіп қатерден, қатты аурудан аман қалған кезде құдай жолына берілетін қайыр садақа.

Құдайы қонақ: Шақырусыз келген, күтпеген қонақ.

Құшнаш: Ем дом жасаушы, тәуіп.

Мақпал: 1.Тығыз тоқылған, түкті әрі жұмсақ қалың мата, барқыт. 2.Ауыс. Жұмсақ, майда.

Манат: Барқыт тәрізді сырт киімдік бағалы шұға.

Масаты: Жұмсақ түкті барқыт, жібек мата. Масаты кілем. Жұмсақ түкті кілем.

Мауыт: Оң жағы майда түкті келген қалың мата, шұғаның ең жақсы түрі.

Панбарқыт: Жібек жіп араластырып, түрлі гүл төгіп тоқылған биязы барқыт.

Парша: Алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.

Патсайы: Тығыз тоқылған жібек матаның бір түрі.

Сәтен: Сапалы мақта жібінен тығыз етіп тоқылған жылтыр мата.

Сиса: Мақтадан тоқылатын, арзан бағалы, түсті мата.

Сұпы: Жұқа ақ мата, ақ дабы.

Торғын: Қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.

Телше: Жылқының қабырғамен ұштас сүбелік майы.

Томыртқа: Қар қосып, мұз салып салқындатылған сусын.

Торта: Сары майды еріткенде, ыдыстың түбінде қалатын тұнба қалдық.

Торталау: Сары майды қайнатып, тортасынан айыру, қайыру.

Туырылу: Ішін май басу, семуру; қатпар қатпар май түсу.

Албасты: 1.Наным бойынша әйел бейнесіндегі қас күш, марту. 2.Жексұрын, сұмпайы мінезге қатысты.

Алтын айдар: Айрықша, ерекше туған баланың ертедегі бейнесі. Жалғасы бар…

4 пікір

qyrmyzy

Томыртқа: Қар қосып, мұз салып салқындатылған сусын.
біз ішіп жүрген слеш па? ық ық
Zhanat
Манат деген біз жақта есім бар.
m170785
ол есім бір бөлек те, мына мата бір бөлек. Жұмсақ мата. Манат есімді адамдар жұмсақтау келеді бір байқағаным, бірақ қаталдау
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.