Айып түрлері

Қазақ салт-дәстүрлері /
Күнәсі үшін берілетін айыптар:

Ат тон айып. Айыпкер беретін ат үш жастан жоғары болуы тиіс. Аттың жасы күнәнің ауыр жеілдігіне және айыпкер мен даугерлер жағының туыстығына қарай анықталады. Күнә неғұрлым ауыр болса, айып атының жасы соғұрлым үлкен болады

Ат тон. Күнәсі жеңіл деп саналса, не даугерлер жағы жақын ағайыны болса, айыпкердің ат беруі міндетті емес, тек шапан тон ғана тартулап құтылады.

Азусыз ат, жиексіз тон. Өте болымсыз кінә үшін берілетін айып түрі. Бұған қой мен жыртыс мата ұсынады.

Қылмысы үшін берілетін айыптар:

Бір ат.
Бір түйе, бір ат
Тоғыз. Тоғыз бас мал, ол істелген қылмыстың үлкен кішілігіне байланысты түйе бастатқан тоғыз, ат бастатқан тоғыз, егіз бастатқан тоғыз болады.

Түйе бастатқан тоғыз. Үш бас түйе, үш бас ат, үш бас сиырдан тұрады. Нақтырақ түйе, бота, тайлақ, ат, құлын, тай, сиыр, бұзау, тайынша бәрін қосқанда тоғыз бас.
Тоғыз кейде бір түйе және түрлі жастағы сегіз ат болмаса сегіз сиыр түрінде тартылады. Ең жоғары айып түрі саналады. Ол ру арасында даушар және барымтаға байланысты төленген.
Ат бастатқан тоғыз. Кейде үш жылқы, (бие, тай, құлын,) үш сиыр, (сиыр, тайынша, бұзау), үш қой, (саулық, қозы, тоқты), кейде бір ат, сегіз сиыр де ұсынған.
Өгіз бастатқан тоғыз. Үш сиыр және алты қой немесе бір егіз, сегіз қой тартылуы болған.
Тоқал тоғыз. Тек сегіз қойдан ғана тұрады.

Халқымыз тоғыз деп тек айып түрін ғана емес, сый түрін де атаған. Сый бәйгеден озып келгендерге, құрметті адамдарға, ақындарға тартылған.
Үлкен ұрлық жасап тұтылған адамдар үш тоғызға дейін айып төлеген. Кейде ұрының бүкіл дүние мүлкін тартып, оны шау алу деген. Қылмысқа қарсы қолданылатын ең ауыр жаза құн деп аталады. Айыбы бес жүз бас қойдан екі мың бас қойға, не елу аттан екі жүз атқа, не жиырма бес түйеден жүз бас түйеге дейін құн белгіленуі мүмкін.

2 пікір

Jako
Тамаша Мәке, бірақ Ат-тон емес, Ат-шапан деп айтатын сияқты еді.
m170785
Жако ағам бір жерде көбінесе ат тон дейді, кей жерде ат шапан дейді, осы жөнінде нағашы апамнан сұраған едім бұрынырақта, ат тон деп айтады жүгермек дегені бар. Ат тоның сол ат шапан ғой деп айтқаны бар
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.