Келін түсіру.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Біздің халқымыз үшін де дүниедегі қызық пен қуаныштың ең бастысы осы келін түсіру. Бұған бүкіл ауыл болып атсалысады, бірге қуанады, бірге тойлайды, намысы бір қазақта «тойдың болғанынан боладысы қызық» деген бар. Ал келін түсірудің өзі де, «боладысы» да қызық.
Қазақ салты бойынша келінді ауылға көлікпен әкелмейді. Бір қырдың астына жеңгесімен бірге түсіріп кетеді. Ауылдың қыз келіншектері жас келіннің алдынан шығып, ешкімге көрсетпей шымылдық ішіне кіргізіп әкеледі. Ақ босағаны оң аяқпен аттайды. Шашу шашылады. Құтты болсын айтылады. Келінді жеңгесі, сіңлілері ертіп әкеледі. Қуаныш, ырду, дырду, ойын сауық басталады. Шымылдық жиналған сәтте салтанатпен «Беташар» басталады

5 пікір

AKA
Керемет сәт қой!
Korkem
Келін қандай сезімде болар екен…
Jako
Бұрынғы кезді білмедім, айттырып алатын кез ғой ол, ал қазіргі келіндер бақыт құшағында болар.
Delfina
Қазір заман өзгерген соң келінді көлікпен, көлікпен болғанда да он шақты көлікпен жүріп әкеледі ғой)) Қала түгелі ауылдың өзінде қазір үйдің қасына әкеп тіреп барып түсіретін болған.Осы күндері біздің жақта шымылдық деген жойылып келеді. Бір бөлмені тек арнай салады. Сонда Жако ағамыздың жазғанындай салт дәстүріміз жойылып бара жатқаныма...?
Jako
Жоқ Дельфуша, олай деп біржақты кесіп айтуға келмес, техника дамуын пайдалана отырып, жаңа заманға бейімделу деген дұрыс болар.Ал шымылдық жағына келсек ұмыта бастағаны жақсы емес әрине.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.