Шарғы

Қазақ салт-дәстүрлері /
Ұзатылған қыздың, яғни қалыңдық болған қыздың өзіне тетелес сіңлісіне немесе өзінен кіші, немесе туыс сіңлілеріне басына тартатын орамалын береді. Бұл ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап, бақытты бол, жұғысты болсын деген ырым. Бұны шарғы салу деп атайды.
Шарғы салынған қызға жеңгелері, апалары, жезделері, құрдастары бірге қосылып, шашын тартып, аяқ бөлігінің санын инемен шаншып, ол белгі аяғыңды тіктеп жүр, тайма деген сөз.
Жақсы тілектер айтылып, қызды он рет сол жағымен айналдырып, одан кейін он рет оң жағымен айналдырып, шәй ішіп құттықтасады.

4 пікір

Delfina
Орамалын беретінді білмейді екенмін. Біздің жақта сырғасын береді сіңлісіне. Құда жағы келіп үкісін таққан кезде өзінің бұрынғы тағып жүрген сырғасын тетелес сіңлісіне береді. Әлде бұл басқа салтпа?
Jako
Бұл да осы «Шарғы»-салтының заманауи түрі болса каерек, несі бар жарасып тұрған сияқты.
m170785
Жарасып тұр Жәкесі, қазіргі Шарғы болу керек
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.