Сырым Датұлы

Қазақ салт-дәстүрлері /
Шекті, оның ішінде жекей тайпасының белгілі ақсақалы Байдос деген кісінің асында хан тұқымына наразы болып жүрген ел Байұлының атақты биі Сырымды хан сайламақшы болады. Жұрт Сырымды ақ киізге отырғызып, әр рудың ақсақал билері киіздің шетінен ұстап көтерейін дегенде Сырым:
-Тоқтай тұрыңдар! Осы Байдостың баласы кім?* — дейді.
-Өтеғұл- дейді жұрт.
— Ол қайда?
— Ана жақта қонақтарын жайлап жүр.
— Ендеше шақырыңдар. Ол да мына киіздің бір шетін ұстасын.
Бір кезде Өтеғұл да жетеді. Бірақ кейпінде жайдарлылық емес, жабырқау, кейістік басым күйде -Қонақтан қолым тимей жатқанда неге шақырдыңдар?- дейді. Халықтың қалауын естігенде ол:
-Нұралыдай жездемді, Аппақ ханымдай апамды Уфаға айдатып жіберіп, қарадан хан сайлағандарыңа қосылмаймын, білгендеріңнен қалмаңдар- деп жөніне жортып кете барады, сол сәтте тұрған жұрт:

-Мына ақымақ не деп кетті, шақырыңдар өзін"- деп дабырласып жатқанда, Сырым:
-Тимеңдер! Елде ауыз бірлік жоқ екен, бүгін сендер мені хан сайлағандарыңмен, анау сияқты бір тентектерің ертең-ақ менің де басымды аларына күмән жоқ — деп киізден түседі де жүре береді.
Бұдан түйер ғибрат, бір ауыз сөзге хан тағын айрбастар қазақ азаматтары болған, сөз құдіреті деген осы.

20 пікір

Ademi
Бір ауыз сөзді түсіне білген қазақтар болған кезінде
Jako
Ал қазір ше?
Ademi
ал қазір ше?? Бір-бірін ұқпайтындар мен ойын жеткізе алмайтындар басым…
Jako
Соның біреуі,бірегейі сен ба деп қорқамын.
Ademi
Аташкау, не деймін енді… немерелеріңіздің қызығына тоймай жүре беріңіз
Jako
Рахмет қалқам!Әйтеуір көрінген жерде көстеңдеп, ақылгөйси бермей, байыптылау болуға тырыссаңшы. Қарап отырсам, еее мынау екен ғой дейтін жазған ештеңең жоқ, байқасам қыстырылмаған соңғы кезде жерің жоқ, жоқ әлде біреу ертіп келді ме? Өзің сияқтыларға арнап бір пост жазсам ба деп жүр едім, жақсы прототип болатын түрің бар.
Ademi
Иә, сіздікі дұрыс. Кез келген қолданушыны бірдеңе ертіп әкеледі, біле-білсеңіз. Жоқ дегенде гугләпше ертетін көрінеді. Ешкімнің шашбауын көтермеймін кейбіреулер сияқты. Өз ойымды жазып жұрмін. Мен де копипаст жасай аламын, мен де инеттен сурет әкеп іле аламын… бірақ, бірақ...Қыстырылған түгім жоқ. сіз қадалған жеріңізден қан алмайтын сияқтысыз ғой. Рахмет!
Jako
Жарайды қалқам, мен жеңілдім.
rauan
Копипаст пфффф… Хотябы сілтемесін қалдырсаңдаршы
Ademi
Jako
Адемі шырағым, орынсыз ыржалақтай берме,ұят болады.«Көп күлген бірдененің соры „-деген де бар халықта.Ыржалақтайтындай мен саған әнек айтып отырған жоқпын, ата-бабаларыңның әруағын сила, атып кетіп жүрмесін.
Jako
<code>Копипаст пфффф…</code>
Рауанжан,әй сумүрын-ай, копипаст болмағанда мен Сырыммен бір класта оқыды деймісің? Сілтемесі үлкендерден естігендерім, сенде де ми болса тоқып ал, кейін немерелеріңе айтып бересің.
rauan
онда бір класста оқымадық қой деп қазақтың бүкіл тарихын көшіріп сала берейк...))
Jako
Сен қөқем, көп білетін құсайсың, мен осыны жазбасам білер ма едің, егер білсең жалғасын жазып жіберші. Бастысы олда емес бастысы қазақ деген халықтың сөзге тоқтағандығын жеткізу болатын, ал сенің миыңа түкте кірмеген сияқты,өкінішті,өзі қазақпысың?
rauan
мен осыны жазбасам білер ма едің,.
мен жазбағанда емес копипаст қылмағанда деңіз )
өзіңіз копипастыққа қарсы болған едіңіз, енді соған қарсы сөйлеп тұрсыз… опшым бір сөзбен айтқанда өз ойыңызға қарсы нәрселер істейді екенсіз..
Jako
Кешір, сенде жеңдің.
Daniar_alan
-Тимеңдер! Елде ауыз бірлік жоқ екен, бүгін сендер мені хан сайлағандарыңмен, анау сияқты бір тентектерің ертең-ақ менің де басымды аларына күмән жоқ — деп киізден түседі де жүре береді.
:)
киізден түседі де жүре береді
хахахаааа
Сіздің пантазияңыздың жанында дәруішөлгендік Сатыпалды жіп есе алмай қалды… базар жоқққ…
m170785
Жако ағам өте жақсы жазылған.
abatai
Соңғы рет мұндай тарихи әңгімені қашан оқығаным есімде жоқ. Керемет жазылған, адамды сабырлыққа, тоқтамдылыққа шақырады екен. Сізге ризамын Жако мырза. Халық аузында жүрген тарихи да, маңызды оқиғаларды жаза беріңіз, оқырмандарыңыз табылады елшілік.
Jako
Рахмет, менікі жастар сөз қадірін ұқса дегендік қой әйтеуір.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.