Қасиетті құс-Бүркіт

Қазақ салт-дәстүрлері /
Бүркіт сұңқар тәрізділер қаршыға тұқымдасының қырандар туысына жататын, және бірбеткей саналатын, мекенді жыртқыш құс. Латын тілінен аударғанда Алтын қыран деген сөзді білдіреді. Себебі бұл атау латыншадан алғанда өз жемтігін бүріп қысып, ұшып жүріп тырнағымен бүріп ұстап қанталап алатын жыртқыш. Түркі халықтарының көпшілігі осы жыртқыш құсты бүркіт деп атайды. Бүркіттер жұптасып тіршілік жасайды. Таулы жерде көп мекен етеді. Алматы облысының таулы аймақтарында көптеп кездеседі. Бүркіттің аяғы төрт саусақты: артқысы тегеурін, ішкісі жембасар, ортаңғысы сығым, шеткісі шеңгел. Қыран бүркіт батылдықтың, мықтылықтың, ерліктің, бостандықтың құсы.

Бұрыңғы ата бабаларымыз бүркіт қасиетті құс болғандықтан, сұсынан жын шайтан қашады деп бүркітпен аластауды салт етіп ұстаған. Көршінің не болмаса көрші ауылдың үйлеріне бақытсыздық орын алған жағдайда, не болмаса жұмыстары жүрмесе, беймаза күндері болса, не болмаса отбасы мүшелерінің біреуі қатты сырқаттанса, үйдің бүркітімен аластатып ұшықтап алатын.

Қазақ ауылдарына тараған сырқат адамдарды емдеу, шипалық емдері болған. Ол тәсіл бүркітпен емдеу еді. Бұл ем көбінесе жын шайтаннан, бір жаманнан қатты қорыққан, шошынған, ұшынған, есалаңмен, басында ауытқулары бар адамдарды Бүркітпен сауықтыру қолданылып келді. Әсіресе ақыл есі кеміген адамдарды, әуелі де оларға итті көрсетіп, сосын сырқатын бүркіттің қанатымен желпіп ұшықтаған. Одан соң аластап, басын бүркітпен сәл ғана ұрған. Сырқатын емдегенде көбінесе қартайған қыран құстар таңдалынады. Себебі жасы келген бүркіттің қуаты мен емі күшті. Саңқылдап шақыратын бүркіттердің дауысынан жын шайтандар қашып кететін.

Кей ауылдарда босана алмай жатқан келіншектер болғанда құсбегілер бар болса, қиналып жатқан әйелдерге бүркітшіні шақырып, бүркітімен желпитін әдеті болған. Ауыл құсбегілерінің ең мықты бүркіті таңдалынып, толғағы қысқан, ауырлаған әйелді бүркітпен желпу әдісін қолданған. Босана алмай жатқан әйелдің үйіне бүркітті алып келіп, дәреттеніп, Бүркіт иесінің аруағына сиынып, дұға оқып, біссмілләсін айтып, оң аяғымен кіріп, шаңыраққа қарай, Ассалаумағалейкүм деп сәлем берген. Бүкіттің томағасын сыпырып, босана алмай жатқан келіншекке қолындағы құсымен тақап отырып, қанатымен екіқабат әйелді желпіген. Бүркітті көріп, есін жиған әйел, оңай жеңіл босанады.

Сырттан үйге кірерде әуелі шаңыраққа, сосын сол үйдің оң жағында бүркіт отырған жерінде бүркітке де сәлем көрсеткен. Бүркіттің алдын кесіп өтсе, бүркіттің сағы сынады деген. Егер амалсыздан бүркіттің алдынан өткен жағдайда, бісмілләләп өткен. Себебі Бүркіт қозып кетін жағдайы болған.

Көп уақыт өмір сүріп, бүркіт қартайып өлген кезінде, құсбегілер құрметтеп жерлеген. Денесін ақ шүбереке орап, мекен еткен жерінің биік төбесіне ұясының қасына жерлеген. Ескерткіш үшін басын кесіп, іліп те қойған.

5 пікір

Jako
Тамаша, осы бір құс патшасы туралы білерім тым аз екен, рахмет Мәке!
Zhanat
өте қасиетті құс. қолмен көтеріп алып жүрудің өзі бір бақыт қой
pana
мәә, көтеріп жүрдіңіз бе?? мен тым болмаса, жақыннан көрсем деп жүрмін,
Zhanat
иә, көтеріп көрдім, көрші ауылдың аңшы ағасының бүркітін, аңға шыққанда
AL-ASTER
Өлер кезінде бар күшімен жоғарыға көтеріліп, өзін жерге лақтырып өлетін құс бүркіт емес пе?

Мен өмірімде бүркітті жалғыз рет көрдім. Көзі өте қырағы, өткір болады. Көзін жұмбайтындай, ашып жұмғаны лезде.

Сосын бір қолмен ұстап суретке түспекші болып көтере алмай қойғаным рас, өте ірі құс еді. Онымен қоса тырнақтары қармаулы қолды орып кетеді. Кейін қаршыға типтес кіші түрін қолмен көтеріп қанатын жайғыздып көрдім, қанаты өте кең жайылады. Ерекше құс қой.

Менің туылған өлкемде құсбегілер көп көрінеді, барған соңқұсбегілермен сөйлесіп, армансыз бүркіт ұшырғым келеді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.