Жаушы жіберу

Қазақ салт-дәстүрлері /
«Жаушы жіберу» ертеден келе жатқан дәстүр. Бұл дәстүр сәл бұрыңғы жаушы жіберу мен қазіргі жаушы жіберуге ұқсамай кетті, біртіндеп өзгеріп бара жатыр.
Жаушы жіберу, ол қыз айттыруға баратын өкіл. Жаушы қыздың әке шешесімен сөйлесіп, бойжеткенге құда түсіп, "қыз айттыру" амалын орындайды. "Құда түсу" осы кезде шешіледі.
Жаушы келген кезінде қонақжайлылық танытып, дастархан жайып, қарсы алады. Мал сойлып, табақ тартылады. Қыз бен ата анасы қарсы болмаса, жаушының өтінішін қабылдап, екі жақ құда болысады. "Құдалық берік болсын!" деп, жаушыға кәдесін жасатып, шапан жауып, оң құлағының жағы түкіріп, су шашып, ризашылығын білдіреді. Жігіт жағы "құда түсуге", қыз жағы "қыз ұзатуға" дайындық жасайды.
Қыз ата анасымен білдіртпей шығып не болмаса ақылдаспай, кетіп қалған жағдайда, хабарын естіртуге жаушы немесе хабаршыны жібереді. Жаушы қыздың өз қолымен жазылған қолхатын, кешіріміне бір малын, бір тоғызын, ақшалай киітін алып келеді.Қыздың өз еркімен барып отырғанына көру үшін, қыздың жағдайын біліп келетін қуғыншыны жібереді. Қуғыншы болып қыздың жанашыр ағасы мен жеңгесі барады. Қыздың таңдаған жерін көрген соң, қалғанына көнеді. Қуғыншыларды жігіт жағы сыйлап, дәм татқызып, тәтті сулардан беріп, жас келінді жылатпай, өз қыздарындай көретіндіктерін айтып, киіттерін кигізіп, шығарып салады. Әке шешесіне хабарды жеткізген соң, жаушыны "құда" деп атай береді. Жаушы арқылы берген кешірімін қабыл алады. Жақын туыстарымен шешіп, ақылдасып, қабылдайды.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.