Күздегі күн құбылыстары

Қазақ салт-дәстүрлері /
Таразының тууы. Тамыз айы ортасында күн салқындап, құю бұлт пайда бола бастайды. Күздің белгісі біліне бастайды. Жиі жиі жаңбыр жауып, салқындайды.

Сүмбіленің тууы. Сүмбіле туса су суыр деген халық мақалы бар. Қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз келіп, сарғайып білінеді. Жауын жиі жауып, қара суықтың кезі.

Қазанның қара дауылы. Қазанда күн суытып, қар аралас жаңбыр болып, қазанның желі қаққан ащы шөптерді осы амалдан кейін қой, түйе малдары жеп ащылайды.

Қазанның қағуы. Қазан айында кіші қазан, үлкен қазан аталатын амалдар бар. Екі амалдың ұзақтығы он күннен арасына екі апта салып, кезектесіп келеді. Үлкен қариялар бұл амалдардың кіруі мен шығуын ескі санат күнтізбесі бойынша есептеп отыратын. Кіші қазанда жел тұрып, адам мазасызданып, күн суытып, жаңбыр толастап жауады. Тұщы шөптердің бояуы оңып құрайды. Ащы шөптер; шағыр, сораң, қара жусан, алабота піседі. Бұл құбылысты ертеден шөпті қазан қағуы деген. Мал өсіретін ел бұл шөптерді қазан қақпай шаппайды. Себебі, қазан қақпай шабылған шөп малдың ішіне тиеді. Ас болмайды. Үлкен қазанда қар аралас жаңбыр жауып, қатты жел тұрады. Өсімдіктер құрап, сарғаяды. Көктемде бой алып өскен өсімдіктер қараотқа, бойында нәрі жоқ өлі шөпке айналады. Байырғы қазақтар үлкен қазан амалы жақындағанда кәрі, ақсақ малдарды өріске жібермей, ауыл маңына ұстайды.

Қарашаның қайтуы. Қараша айда құс оңтүстікке қайтып, алғашқы қар түседі. Күн суып кетеді. Қарашаның жиырма бесі қыс тоқсанның басы, Үркердің батқан күні болады.

Бозқыраудың амалы. Қазан айының 21 шамасында күн қатты салқындап, қара суыққа айналады. Бұл бозқырау деп атайды. Бұл суықта көктің бәрін үсік шалып, су бетіне қаймақ мұз тұрады, яғни мұз болып қатады, еретеректе үлкен ақсақалдар, билер осылай атаған. Айдың 25нен кейін қардың көрінуін ұшқын деп атаған. Қыс ұзаққа созылатын жылдары қарашаның 5 де қар түсіп, жатып қалады. Айдың 19нан кейін жылы болмасын жылымық болып, кейде жаңбыр жауатынын есепшілер күні бұрын ескеріп отырған.

Мизам шуақ. Қыркүйек айында ортасында салқын болып, қара суық болады. Жаңбыр жауып, шөпте шық түседі. Күндізгі шақты күндер болады. Далада ұзынынан мизамдар болады. Жылы мезгілде мизам шуақ деп атайды. (Келесі де Мизам шуақ туралы толықтай жазамын)

1 пікір

Jako
Пайдалы жазба екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.