Сәукеле кигізу

Қазақ салт-дәстүрлері /
Қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бөлек, әрі бір ерекше. Сәукеле әйел киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оны киюмжұбайлық өміріндегі естен кетпес сәт. БФұлғақтап өскен оң жақтағы жастық шақтың және ақ босаға аттар алдындағы қимас та қызықты кездің естелігі. Сәукеле киюдің өзі ерекше салтанат. Құда құдағилар шақырылып, шашу шашылып, тілек айтып, бата береді. Сәукеле байғазысының бағасы олқы болмайды. Сәукелелі келіншектің жұрттың бәрі көруге ынтық. Көрімдігі соған лайық болуы керек, әрі қымбат. Сәукеле келіншек киімі. Ол бас киім ғана емес, қазақ сән салтанатының, салт дәстүрінің мәдениеті. Әрі Өнер туындысы. Гауһар, жақұт тастарымен әрленіп, әшекеленеді. Негізі мақпал, барқыт, қымбат матадан тігіліп, құндыз терілерімен жиектеліп, оқамен оюланып, түсті моншақтарымен шашақталып, көркем жіптерімен кестеленіп, алдыңғы жағы көзді тастарымен қапталады. Әшкей, алтын, күміс теңгелерімен безендіріленеді. Төбесіне үкі салып қояды, көз өтпес үшін. Сәукеле қазақылықтың белгісі, әрі әйел затының белгісі, нәзіктікті білдіріп тұратын киім.

8 пікір

qyrmyzy
Мынадай ма?

Барлық қыздарға сәукеле киюді жазсын:)
mairosh
сағанда сәукеле киюді жазсын
m170785
мынаның әдемісін ай
Jako
Қазір фатамен алмасып кетті ғой,өкінішке орай.
qyrmyzy
Ұзатуда сәукеле кию модада
Jako
Жағымды жаңалық екен.
m170785
Фатасы әдірем қалсын, фата да дұрыс та шығар, қазіргі заманға ақ, бірақ біздің сәукеле өте әдемі, таза қазақылық байқалады жас келінде
Jako
Соны айтсаңшы…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.