Андыр

Қазақ салт-дәстүрлері /
Андыр туда, қармен, үсікпен араласып өсетін тікенді гүл. Ең биікте тауларда, анжырлы мұзартты тауда, ұлар ұшатын, барыс басатын, кемір жуа өсетін құзда гүлдейді. Және басына шешек атып өседі. Жұлып алған жағдайда, ұзақ уақыт солмай тұрады.
Алжыр тауға шығып па ең, андыр гүлін жұлып па ең деген осы екен.
Егер Сұрша қыз әніндегі әндір қыздың аты болса, онда осы гүл атынан қойылған болуы керек. Қашанда қазақ қызға лайықты есім іздейді.

Балғабек Қыдырбекұлы

5 пікір

Jako
Бұрын естімеген нәрсем екен, рахмет! Дереккөзінен хабардар етсеңіз тамаша болар еді Мәке.
User
Бұл блог емес.
Jako
Мұнымен не айтпақсың?
User
Соол, блог емес қо бұл.
Jako
Мен бірде не болса соны жаза береміз ба деген ой тастағанымда осындағы біраз адамдар, бұл жер «Айтабер»еркін блог жүйесі, кім не айтам десе өзі біледі,ұнамаса оқымаңыз дегендей ойлар айтқан еді.Мен сол мәмілені дұрыс шығар деп қабылдадым.Соған қарағанда мен бұл жерден артық ешнәрсе көріп тұрған жоқпын,қайта қазақтың ұмыт қала бастаған бір дүниесін жаңғыртушы, пайдалы пост па деп ойлап отырмын.Әрине қателасуім де мүмкін, өз аргументтеріңді жазарсың.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.