Байлық пен кедейлік.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Кедейлік пен Байлық бір кісіге келіп:

— Екеуміздің қайсымыз тартымдымыз,-деп сұрапты.

Бұл сұрақтан әлгі кісі абыржып ойға қалыпты: «Кедейлікті тартымдырақ десем, Байлық ашуланып маған қолын бір-ақ сілтейді», ал Байлықты тартымды дейін десем, Кедейлікті ренжітіп алам, ол сосын менің зықымды шығарады ғой».

Аз-кем ойланып, былай депті:

— Екеуің тап осылай қатарласып тік тұрғанда мен ештеңе айта алмаймын. Қане, жүріс-тұрыстарыңды көрейін, бір айналып өтіңдерші.

Кедейлік пен Байлық ерсілі-қарсылы жүре бастапты.

Оларға қарап тұрып адамның айтқаны:

— Кедейлік сен кетіп бара жатқанда, ту сыртыңнан қарасам, қандай тамашасың.

Ал Байлық, сен келгенде… өзіңнен асатын не бар!?
Бұдан келіп шығатын мораль екеуі де жақсы, бірақ Байлық келгенде жақсы, кедейлік кеткенде жақсы.

дереккөз: Замана

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.