Сыңсу

Қазақ салт-дәстүрлері /
Ұзатылатын қыз өз босағасынан аттанар алдында ағайын туыстарын аралап шығады. Жеңгесін ертіп, ағайындарын аралап, жүрген қыз жәй жүрмей, өзінің балалық дәурені, оң жақта бұлғақтап өскен бақытты күндердің өткендігін, өзін мәпелеп өсіргеен ата анасының, туған туыстарының еңбегін өлеңмен айтып, өксиді. Бұндай өлең жырды сыңсу дейді.
Мысалы;
… Келіп кетіп жүріңдер,
Сағындырмай туысқан…
депөтінішін өксумен сыңсып айтады.
Қыздың сыңсуы жарасымды әрі тәрбиелік мәні бар салт. Адамгершілік, әдептілік жағынан алғанда өте орынды дәстүр.

9 пікір

Jako
Біздің салт-дәстүрлеріміз ғасырлар тезінен өтіп,әбден сараланған керемет мораль топтамалары десек те болады.«Дәстүрдің озығы да бар, тозығы да бар»-дейтіндермен өз басым еш келісе алмаймын.Біздің дәстүрлеріміздің еш тозығы жоқ, тек қана озық талаптар.Егер ұлт азып тозса қарны ашқаннан емес, салт-дәстүрден қашқаннан болады.
Korkem
m170785
Көркемжан ау не болды? Сізде сыңсып бара жатырсыз ба? ))
qyrmyzy
Қазір сыңсу басқаша емес пе?!
yesbolat83
Сыңсу — ол ұзатылып(қайын жұртына)бара жатырған кезде қыздың өз төркіндерін қимай өлең түрінде айтатын үрдісі емес пе? Үй-үйді аралап жүретін уақыт жоқ сияқты ол қызда.(Әзілі-шыны аралас).
Jako
Есболат, ол кезде(феодалдық құрылым)бір ауыл негізі ағайын-туыстардан тұратын болған.Үлкен деген ауылдардың өзі шамамен 30-40 үйден тұрған ғой.Осы тұрғыдан қарасақ туыстарын аралап шығу еш қиындық туғызбайды.Келінді алып кетуге келген құдаларды күтіп жатқанда,қалыңдық қыз ауылымен сыңсу айтып қоштасатын болған.
yesbolat83
Сіздікі дұрыс шығар, ағасы. Мен келіншегімді үйінен ұзатып алып бара жатқанда ата-ана, тумаластарын құшақтап сыңсу айтқан. Неге екенін білмедім оны аяп кетіп, өзімді кінәлі сезінгенмін.
Auyldan
Есболаттың жазып отырғаны дұрыс, Сыңсу тек ұзатылып кетіп бара жатқанда айтылатын өлең. Менің әжем марқұм да «сыңсуды кетіп бара жатқанда айтатынбыз» деп айтып отырушы еді. Жако айтқандай, 30-40 үйдің өзін аралап шыққанда көп уақыт және сыңсудың өзін 5 минутта айта салмайды, соның бәрін есептегенде — бір-екі күнде біте қоймайды ғой, сондықтан ұзатылып кетіп бара жатқанда айтқан. Сыңсуды банкеттерде болсын, үйінде болсын, кәзіргі кезге дейін айтылып жүргеніне шүкір делік.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.