Сыбырлақ Аққу

Қазақ салт-дәстүрлері /
Қаз тәрізділер түріне жататын үйректұқымдасына жататын сыбырлақ аққу жазық аймақтарындағы су айдындарында көптеп кездеседі. Олардың саны сұңқылдақ аққуларға қарағанда өте көп. Денесінің ұзындығы 180см, қанаты 70, жайып жібергендегісі 26см жетеді. Құйрығының ұзындығы 18см, салмағы 13 кг.
Жүзген кезінде мойны иіліп, денесі созылыңқы, тұмсығы тік, жалпақтау, ұшқан кезінде дыбыс шығармай, мазасызданған кезінде, сыбырлағандай болып, кейде көзінен жасы ағады, сыңарын іздегендей. Сыңарын тапқан жағдайда, қосылып, екеуі тағы сыбырлағандай дауыс шығарады. Құстың аты осы қасиетіне қарай қойылған. Кәдімгі ақ аққуларға қарағанда жүзгені, ұшқаны ерекше. Көктемде ұшып келіп, ұясына 7 жұмыртқа салып, мекиені бір айдай басады. Қазан айында соңында жылы жаққа қайтып ұшады.
Сыбырлақ аққу өте сымбатты, жүні жұмсақ, басқа ақ аққуларға қарағанда. Кәсіптік маңызы бар құс. Омыртқасыздармен қорек етеді.

12 пікір

qyrmyzy
Қызық… Аққудың түрлері көп пе? Мына түрі жылы жақа ұшады екен. Каспийға, керісінше, келеді емес пе аққу?
yesbolat83
Аққудың қанша түрі бар екенін білмеймін. Бірақ, Ақтауда сыбырлақ және кіші аққу деген түрлері бар. Аустралиялық қара аққу да Каспийдің Ақтау жақ бөлігінен табылады. Бұл аққу түрлері суықты жақсы көреді. Бірақ, аса қатты суық кездерде аққуларды теңізде көрген емеспін. Аққу жыл құсы болғандықтан қыс мезгілінде Каспийдің басқа тұстарына қарағанда Ақтау жақ бөлігі жылы болар, бәлкім.
qyrmyzy
Иә, қара аққу басқаша болатын шығар…
yesbolat83
Айттым ғой саған бізге қонаққа кел көрсетем деп. Қалжың.
Айырмашылығы тек қана түстерінде. Мен білмеймін ғой, маманы емеспін. Бірақ, Кәдімгі, ақ аққуларды айтсаңызшы. Теңіз бетінде жұптасып жүргендерін көргенде. Махаббат деген сезім тек қана адамзатта емес екендігіне көз жеткізесің.
qyrmyzy
ық ық, өзі қонақжай екенсіз, қандай керемет! Былай қоймай шақырғандарды көрмеппін. Ниетіңізге рахмет! АРБ!
Сол аққулардан үлгі алатын домалақ басты пенделер қаншама…
yesbolat83
АРБ!
деген не?
Korkem
АРБ!
Алла разы болсын! қысқартылған түрі
Jako
Кәсіптік маңызы бар құс. 

Мәке, бұны қалай түсінуге болады.
Auyldan
Иә, «кәсіптік маңызы бар» дегенге мен де таңғалып отырмын, мүмкін қате кеткен болар. Біздің Каспий жағалауында кездесетіні сыбырлақ аққу ғой. Сыбырлақ аққуға жететін құс жоқ көрінеді, себебі: анималист суретшілердің көбі әдемілігіне орай, осы аққудың суретін салады екен. Және бір қызық дерек: аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп атайды екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.