Есік ашар

Қазақ салт-дәстүрлері /
Күйеу жігіт келіншегін алып, үйлену тойы өткен соң, келісілген уақытта өзі қатарлас жас жігіттермен, яғни құрдас жігіттермен ата енесінің үйіне келеді. Мұны «есік ашар» дейді.
Ел жұрт бұрын көрмеген күйеу баламен танысады. Сынайды. Есік ашардың түрлі кәделері бар.
Әзілқой жеңгелер мен балдыздары күйеу баламен ойнап, сынаққа алып, тексереді.
Ойын тойсыз, әзілсіз қазақ ауылы үшін күйеу баланың есік аша келуі көңілді мерекеден кем болмайды. Бұрындары кей жерлерде есікті күйеу бала ашар кезде, ашқанда, ар жақтан жеңгелері шелекпен бетіне қарай су шашып жіберіп отырған. Осылай тексеріп, көңіл көтереді.

4 пікір

Korkem
Есік ашу әдетте қызды алып қашқан жағдайда орындалады. Құда түсіп, сырға салынып алған қыз үйіне есік ашып бармайды.
Kan
Есік ашарға барып жеңгейлермен ренжисип қалғанмын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.