Босаға майлау

Қазақ салт-дәстүрлері /
Жастар шаңырақ құрып, бөлек шығып, үй болғанда немесе біреу жаңа үй салғанда жақындары, туыстары келіп, үйдің босағасына май жағады.
Бұл салт«осы үй берекелі, майдай жұғымды, қонағы көп болсын, сырт көзден аман, көптің үйі болсын, тіл көзден аман болсын» деп ырымдайды.
Босағасын майлаған адамға үй иесі сй сияпат жасап, кәдеге қарық болады.

3 пікір

yesbolat83
Осындай салт-дәстүрлерімізді таратушы азаматтарымыздың саны арта берсін!
m170785
Осындай салт дәстүрлерімізді оқитын, білгісі келетін азаматтарымыздың саны көбейе берсін
Jako
Халқымыздың қандай салты болса да, жақсылық тілеуден,ізгі ниеттен, ұрпағым жаман әдеттен аулақ болсын деген мақсаттардан құралған.Кереметтігінің өзі де осында.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.