Құрт
Ақуызға өте бай, сүттен дайындалатын құрттың адам ағзасына пайдасы өте зор. Қой, ешкі, сиыр, тіпті түйе сүтінен құрт жасайды. "ҚҰРТ" сөзі құрғатылған, кептірілген мағынаны білдіреді. Сиырдың сүті, түйенің шұбаты, жылқының қымызы дәруменнің, күш қуаттың нақ көзі екені дәлелдеуді қажет етпейді. Құрт ақуызға өте бай 52,6 &. 100гр сүзбе 227ге дейін қуат берсе, құрттан 370,1 қуат алуға болады. Түйе сүтінің құрамында кальций мен фосфор микроэлементтер кездеседі. Шұбатта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері бар. Осындай э заттардан құралған құртты жылдар бойы сақтауға болады.
Құрт түрлері;
Жас құрт. сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шәймен бірге дастарханға қояды. Кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін үлкен кісілер үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық бауырға қосқан.
Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.
Сықпа құрт. Мұны қайнатқан құрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа құйып сүзіліп, тұздалып, түрлі үлгімен бөлшектеліп кептіріледі. Бұрынырақта сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланған. Мұндай құрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.
Малта. Езілге құрттың түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі ас саналған. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.
Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнтақталып, келіге түйілген.
Ақмалта. Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте дәмге жағымды, тез сіңетін тағам болып саналады. Оны тек сұйықұ түрінде ішеді.
Ұнтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.
Құрт май. сары май батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл желпі түстік ретінде дастарқанға қояды.Құртты қайнатқан кездегі кенеп қаптан аққан сарысу да емдік қасиетімен ерекшелінеді. Онымен қыз келіншектер шашын, басын, бетін, қолын жуған.

9 пікір