Тұсаукесер

Қазақ салт-дәстүрлері /
Сәбиді қаз тұрғанынан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. «Ала жіп аттамасын» деген ұғыммен шыққан. Жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны пысық, аяғын жылдам басатын әйелге қидырады сал бойынша. сүріншек, жайбасар адамға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. кейде жырлап жібереді;
Тұсауыңды кесейін,
Күрмеуіңді шешейін.
қаз қаз, балам, қаз, балам,
Қадамыңды жаз балам!
Қадам бассаң, мәз болам.
Тағы тағы баса ғой,
Алты қырдан аса ғой.
Қаз қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам,
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
деп тұсаукесер жыры айтылады. Баланың ата анасы тұсау кесушінің кәдесін береді.

9 пікір

khairbek
Қандай ниетпен тұсау кестыреды? Ниет кандай болу керек? Баланын жүріп кетуіне Жіпті себеп қылама????? Немесе УАСАЙН БОЛТТЫН тусауын кыс кесты еккен, сонда казр адамнын ала жыбын аттап жургендердын бари тусауы кесылмегендерме?
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Усэ́йн Сент-Лео Болт. Қатырасың сенде))
yesbolat83
Сондай-ақ, тұсаукесер күрмеуі үш түрлі нәрседен дайындалады:
1. Ала жіп (ала жіп аттамасын деген ниетте).
2 Көк шөп (жайқалып, өркендеп, көгере берсін деген ниетте).
3 Малдың тоқ ішегі (бай болсын деген ниетте).
khairbek
сонда казр адамнын ала жыбын аттап жургендердын бари тусауы кесылмегендерме?
Zhanat
бірдеңе айтайын ба ешкімге айтпаңдар менің тұсауым кесілмеген)))
Delfina
Қайырбектің айтуынша онда сен ұрлықшы болуын әбден мүмкін))))
khairbek
адамны уры немесе уры болмауы тусау кескенде турган жок
Delfina
ее, дұрыс түсінбеппін, сен осыған қарсы шаққан екенсін ғой. Дұрыс айтасын.Ода тұрған ештене жоқ, ол бұрыннан келе жатқан салт -дәстүрлердің бірі ғой.
khairbek
айтқым келгены адамны ала жыптен аттауы Тұсау кесуге байлап қоюға болмайт, маселен Америкалық тар бірде біреуі тұсау кесылмегенго бірак ішінде ала жіптен аттайтын дары да бар мусылмандарыда бар)))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.