Ата мен Әженің бала тәрбиесінде орны .

Қазақ салт-дәстүрлері /
Егер менен біреу «Ата мен әженің бала тәрбиесінде алар оны қандай?» — деп сұраса мен қазір не жауап берерімді де білмеймін-ау деп қорқамын. Ал осыдан біраз уақыт бұрын болғанда мен ойланбастан басты орын алады деп жауап берген болар едім. Кейінгі кезде қай жерден байқасам да менің ойыма кереғар пікірлер естимін, мүмкін соның әсері болар, өз ойыма күмәндана бастаған сияқтымын. Менің түсінігімде ата мен әже немересін тәрбиелеу барысында ең бірінші өзінің баласын тәрбиелеуде жіберіп алған олқылықтарынан сабақ алады деп ойлаймын. Адам баласы жастық шақта көп нәрсенің пайымына бара бермейтіні анық және оны ақымақтық болмаса білместік деп қарастырудың жөні де жоқ. Менімше ол жастық қуаттың қолымнан бәрі келеді, бәрін қопарып тастаймын деген желігінен болса керек. Сол бір албырт шақта атқарылған істеріңе ( Мыс: үй соқсаңда, жұмыс таңдасаңда, бала тәрбиесінде де, т.с.с.) кейін ақыл тоқтата келе сын көзбен қарап, «әттең кәзір болғанда, басқаша істер едім-ау»-дейтін сәттер бәрінде болмаса да, көпшілігінде болатыны рас. Оны өз басымнан өткізген сәттерім де аз емес. Олай болатын болса өмір тәжірбиесі бар, ұл-қыз тәрбиелеп балиғатқа жеткізген, өз тәрбиесінің ащысын да, тұщысын да өз басынан өткізген, өз балаларының жақсы ісіне сүйініп, жаман істеріне күйініп жүрген аталар мен әжелерге неге немере тәрбиесін сенбейміз? Балабақшадағы кеше ғана мектеп табалдырығынан шыққан,әлі бала өсірмек тұрмақ, ана атанып үлгермеген, балаға еш туыс-жақындығы жоқ, өзі бала адамға сәби тәрбесін сеніп тапсырамыз. Ал өзімізді өсіріп, оқытып-шоқытып, үйлендіріп бала сүйгізуге жеткізген ата-анамызға немересінің тәрбиесіне араласуына сенбейміз. Сонда бұл қалай? Біздер қайдан шықтық? Бәрі емес, бірақ қазір көпшілік жастардың осы жағын ойлағаны дұрыс болар ма еді? Қазір ата-әже тәрбиесіне қарсы жастар кейін өз немерелеріне қарайды ма? Егер осы қалпымызбен кете берсек келешекте немересін керек қылмайтын ата-әжелердің шықпасына кім кепіл. Егер олай болса «АТА, БАЛА, НЕМЕРЕ» болып сабақтасып, соңы туыстық, рулық құрылымға ұласатын, сөйтіп қандық(гендік)тазалығымызды осы уақытқа дейін сақтап келген дәстүрімізге қәуіп төнбей ме? Бұл кейбір жат пиғылдылардың асықпай мүжитін кезекті құралы емес пе? Сіздердің пікірлеріңізді білсем деген ой ғой менікі.

3 пікір

Бала тәрбиесінде ата мен әженің өз орны бар, ол орынды солардан басқа ешкім толтыоа алмайды, ата әжесінің қолында өсен балалар «тек» дегенді біліп өседі
satirik92
Үлкен кісілердің алар орны өте жоғары. Бала тәрбиесіндегі алар орны да өте жоғары.
yesbolat83
Ата-әжелердің бала тәрбиесіндегі орны өте ерекше. Олардың тәрбиесі мен тәжірибесі арқылы сусындалып өскен бала болашақта адамгершілігі мол, тәртіпті, бір сөзбен айтар болсақ, иман жүзді азамат боп қалыптасарына еш күмәнім жоқ. Ата-әже тәрбиесі дегеніміз тәрбие ісін оларға 100 пайыз артып қою деген сөз емес қой. Мектепте де үйде де кейбір ата-әжелеріміз біле бермейтін техника мен технология түрлерін мұғалімдермен өздеріміз де қосымша үйретіп, біліммен сусындату.
Мен ата-әжемді көрмедім. Есесіне менің балаларымды менің ата-анаи тәрбиелейді. Біздерге ешқандай да балабақшаның қажеті жоқ.)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.