Салтымның басы нәрестені күтіп алудан басталады

Қазақ салт-дәстүрлері /
Әғузу биллаһи минәшшайтанир рәжим!
Бисмилләһир рахманир рахим!
Өмір басы дүниеге келген сәбиді күтіп алу, яғни, әкесінің оның қыз не ұл екендігіне қарамай Аллаға деген дұғасынан басталады:
Әлхамдулилла! Я, Раббым барлық мадақ бір өзіңе! Сен барсың! Сен құдірет иесісің! Сен барша білім иегерісің! Һәм жаратылыстың иесі және жаратушысысың!
Я, Раббым ұрпақ жалғастығын сақтауды нәсіп еткеніңе мың алғыс! Осы сәбидің анасы және әкесі болуына бізді себепкер еткеніңе мың алғыс! Я, Раббым осы сәбилерімізге жарқын болашақ, тура жолды нәсіп ете көр! Я, Раббым! Я, Раббым, осы сәбилерді бір өзің жетелей, оларға бір өзің қорған бола көр!
Бүгінгі таңда бізді оятқан ауылымыздың жаңа тұрғындарының іңгәсі. Абыр-сабыр… Бұл — қазақ үшін қуаныш пен ұрпақ жігінің жалғасы. Сәбилермен бірге әрбір ауыл тұрғыны үшін жаңа өмір есігі ашылды.
Кексе келген кісілер жаңа ғана қауызын жарып шыққан шақалақтың даусы анық шығу мақсатында құйрығынан жаймен қағып, тілін әлсін-әлсін тартып қояды. Кезегімен қолдарына жұмсақ көтеріп, кіндік қанын тамызып кіндігін кеседі.
Осыдан кейінгі кезек шілде суында. Басынан бастап аяқтарына дейін жуындырып, кіндігінің түбіне қойдың майын жағады. Одан әрмен бауырмал болсын деген ырыммен жаялыққа орап анасының кеудесіне жатқызады. Айта кетерлік жайт жаңа туылған сәбиді тұзды суға шомылдырған жөн. Терісі көнпес болады.
Балалы үйдің басқада келіндері немесе балалары хабарды жеткізіп сүйіншіге ие болып жырғап қалды!!! Олардың міндеті әрбір ауыл тұрғынын құлақтандыру, олар өз істерін жемісті тәмәмдаған соң ауыл маужыраған күнделікті ұйқысынан оянады.
Бүкіл ауылдың жайсаңдары, жүзінде күлкі ойнаған жүгірмектері, ел ағалары, ақ жаулықты аналары, тіптен ауылдың төбеттері мен алабайлары да үрісіп осы бір шексіз қуанышты жер жаһанға хабарлап опыр-топыр, азан-қазан күйде балалы үйге топырлады. Босағадан аттаған сәттен жас кемеліне жеткен ауылдың сыйлы тұрғыны шашу шашады… балиғатқа жетпеген қара домалақтар бүгін көптен бергі аңсаған, апасының ана бұрышқа бір тығып, мына бұрышқа бір тығып сақтаған тәттілеріне қолдары жетіп жырғады. Шашудан соң кезегін іле екі босағада мына әндер шырқады:
— Айдарынан жел есіп,
Ат ойнатар ер болсын.
Маңдайынан күн сүйіп,
Ақыл ойы мол болсын, — Әлхамдлилла айтқандары келсін!
Ал оған көрші отырған үйде қыз бала болған соң, ол үйден мына ән естіледі:
— Жүзі айдай жарқырап,
Ақ маралдай ойнасын.
Қызыл гүлдей құлпырып,
Нұрлы күндей жайнасын,- Әлхамдулилла!
Енді бірі мыңқырған қойынан қозы-лақтың бірін өзімен ерте кеп сәбиге атап қазақ пейілінің кеңдігін дәлелдейді. Екіншісі:
— Бауы берік болсын! – айтысып кіреді.
Кішкентайлар бұл қошеметті естіп өздерінің тәтті үндерімен іңгәға сап рахметін білдіріп қыза түсті. Оларда күнә жоқ, мақтауды сүйетін омырау мінез қанымыздан дарыған заңдылық.
Әрбір жан иесі осы дүниеге келуден бұрын оның Раббы Алла екенін, өзінің мұсылман екендігін біледі екен. Бұл өмір сынақ болғандықтан бәрін ұмытып туылуының да өзіндік алар орыны болу қажет. Осы себептің негізінде жаңа туған перзенттің құлағына ауылдың молдасы азан айтады. Азан айтылған соң баланың жанынан шайтан қашады. Бұдан бөлек баланы қырық күн күзетеді, бұның негізі жаңа туылған өмір иесінің жанында Ібіліс тұрады дегеннен болу керек.
Хадистерді негізге алсақ Пайғамбарымыз с.а.у. жаңа туылған сәбидің аузына құрманы шайнап салатын болған екен. Бұл – жаңа туылған нәрестенің сүтті жақсы емуі үшін делінеді. Құрманы әрбір таңда үшеуін жесең саған у мен қас қонбайды. Және құрма тұрған үйге ризық келеді. Ал енді осының түбінде не жатқанын ойлап көріңіздер. Әрине, бәрінде Алла біледі.
Осы амалдарды толық істеп болған соң біздің сәбиіміздің жүзінде күлкі ойнап, сұқ саусағын көтерді. Оның күлкісінің және осы ишарасының сыры мына екі жолда шығар:
Мен қуанамын өмірге келгеніме,
Бір Алла жалғыз саған сенгеніме!!!
ТӨРЕХАН Арыстан

10 пікір

yesbolat83
Машаллаһ, тамаша жазба екен.
satirik92
Рахмет сізге!!!
Jako
Төрехан азаматсың, тамаша жазылған! Осындай мәнді, мағаналы шығармаларыңмен сусындата беруіңе тілектеспін.
Kan
Жазбаларың енді түзеліп келе жатқандай. Жақсы жазыпсың
Jako
Негізі мен Арыстанды қазақ үшін жаны ауыратын адам ретінде түсіндім.
satirik92
Рахмет түсінетін адам табылды. Рахмет сізге!!!
Jako
Былай ғой, кейбір жастардың түсінігінде салт-дәстүр ескіліктің қалдығы, ырым-жырымдар Аллаға серік қосу деген пікірлер қалыптасқан.Ол өте қате түсінік, бұл түсінікті тықпалайтындар қазақ халқының жаулары.Ұрпақ тәрбиесін ірітіп-шіріту үшін тықпалайды.Қазақ халқының салт-дәстүрі де, ырымдары да адамды жаман жолдарға итермейді,қайта сақтандырады, тияды және тәрбиелейді.
satirik92
Келісем оған түгелімен көзім жеткен. Аптасына біреуін салып отырамын. Сіздей жан иесі бар болғанына Аллаға мың алғыс!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.