Қыз баланың тәрбиесі – ұлттың тәрбиесі...
Тіршіліктің ағынында асыл ана, ардақты әже атанып, сонымен бірге есімі елге танымал ұл-қыздың анасы атану тіптен қиын. Ол қоғам мен адамның әрбір кезеңіне тән арнайы тәлім мен тәрбиенің маңызды екенін жіті түсінген асыл жан. Бар білгенін кейінгі ұрпаққа өнеге етуді өзіне мақсат етіп, «Айналайындарым менің», «Тәрбие туралы толғаныс», «Ұрпағым, саған айтам» атты бірнеше еңбектерін жарыққа шығарды.
Тәңірінен болғанымен таңғы асы,
Аналардан бастау алар Ар басы.
Данышпанды дүниеге әкелген
Ұлжан менен Зерелердің жалғасы, — деп ақын Әлібек Шегебай жырға қосқан ел анасы, 11 немере, 14 шөберенің әжесі Ділдә Матайқызымен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
— Бүгінде елдің қадірлісі, асыл ана, аяулы әже атанып, халықтың, соның ішінде артыңыздан ерген сіңілі-қыздарыңыздың бағыт алар бағдаршамы болып отырсыз. Сондықтан да орайы келген сұхбатымызды қыз баланың тәлімі мен тәрбиесінее арнамақшымыз. Енді қазақ қызының тәрбиесі – күллі қазақтай ұлттың тәрбиесі деп білемін. Сіздің ойыңыз қандай?
Дұрыс айтасың, айналайын! Қазақтың қызы – қазақтай ұлттың айнасы. Иә, қыз баланың қашанда дұрыс жүруі ата-ананың мәртебесі. Қыз баланың тәрбиесі өте салмақты, бұл нәрсеге жеңіл көзбен қарауға мүлде болмайды. Шешесіне қарап бой түзейтін қыздар үшін ана берген тәлімнің ықпалы ерекше. Құрсақтан басталатын тәрбие, былдырлаған сәби кезеңмен, жасөспірімдік шақ, бойжеткендік жаспен сабақтасып отырады. Қыз бала – өріс. Келін атанған кезде де үйіне келген мейманына тамағынан бұрын, ашық-жарқын қабағын берудің өзі де үлкен тәрбие екендігі белгілі. Мен, жоқ мен емес, бәріміз қыз баланың бойынан нәзіктік, ұяңдық, инабаттылықты, сыпайылықты, іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттей қасиеттерді көргіміз келеді.
— Сіз қандай бойжеткен болдыңыз?
Менің сонау ашаршылық заманында анам, қолындағы алтын білезігіне екі тостаған тарыға ауыстырып, аман алып қалған. Бойжетіп өсе бастаған кезіміз – өте қиын шақтарға тап болды. Тарихтан белгілі 1931-32 жылдардағы ашаршылық, 1937-38 жылдардағы репрессия кезі, әкемді «халық жауы» деп айдап кетті, 1941-45 жылдардағы соғыс өздеріңізге мәлім. Сол бір қиындықтарға мойымай қажырлы еңбек етіп, сол заманда нәзік жандылар бара бермейтін мамандық – акушер-гинекологты меңгеріп, қызметке орналастым. 47 жыл тапжылмастан еңбек еттім. Жетім балалар мен қыз балалардың намысы үшін күресуге тырыстым. Бүгінгі күнде ойлаймын, Алла Тағаланың маған берген шыдамы, қажырлық, қайраты өте мықты екен. Айналайындарым, сендердің осындай жайдарлы бойжеткен кезеңдеріңмен, менің бойжеткен кезімнің арасы жер мен көктей. Тәубе, бүгінгі ұрпақтың көргені – бақытты заман. Бәрі бар, шүкіршілік. Сондықтан да бүгінгі бейбіт күннің қадірін жете түсінейік деймін.
— Дұрыс айтасыз, әже! Қазір молшылықтың заманы. Заттай байлықтың құны өршіп тұрған дәл қазіргі кезде, қаракөздеріміз өмірлік жар таңдар алдында материалдық құндылықтарға көп мән беріп жатады. Осыған сіздің айтарыңыз қандай?
Тұрмыс құру дегеннің өзі өмірдің ең үлкен жауапкершілігі. Жігіттің өн бойындағы адамгершілігі мен рухани байлығына мән бермейді, бүгінде. Некелеседі, кейін түсініспей арты ажырасуға әкеліп жатады. Дүние қолдың кірі, байлық, көлік, үй мәңгілік емес, жандарым. Сонымен қатар осы тәрбиеге жеңгелердің де алар орыны ерекше. Өзінің қайны сіңілісіне жақсы жағынан білген-тергенін айтып отырса, ағасына деген сыйластығын көрсетіп отырса, ол да үлгі. Ал бүгінгінің жеңгелері «ол жігітті қайтесің, одан да көлігі бар, байшыкештер көп емес пе, солармен байланысуға тырыс. Алдағы өмірің сонда ғана жақсы болады» — дейді. Сонда ақындар талмай жырлаған, сазгерлер әнге қосқан махаббат, ыстық сезімдердің аяқасты болғаны ма? Түсінбейсің…
— Қаһарман батыр атамыз, Бауыржан Момышұлы «немересіне ертегі айта алмаитын әжелер мен баласына бесік жырын арнамаитын аналардан қорқамын» деген екен. Сіз ше? Қыз баланың тәрбиесіне келгенде сізді алаңдататыны не?
Қыз баланың тәрбиесіне келгенде алаңдататын нәрсенің шегі жоқ. Қыз баланың орынсыз жүруі, кешке шығып, таңда үйге кіріп жатуы, ата-анасының айтқанына мән бермеуі мұның аяғы жақсылыққа әкелмейді. Біз қазақ деген халық – ұяңдаумыз ғои. Әсіресе, аналар қыздарымен қай тақырыпта болмасын ашық сырласа білуі керек. Білесің бе қарғам, мен өзімнің тәжірибемде жыныстық қатынасқа түскенде бойға бала бітетінін білмейтін бірнеше бойжеткендерді көріп таңқалғаным бар. Бүгінгінің ұрпағы бәрін білді ғой. Дегенмен де, қыз баланың ары мен абыройы, болашақ жарқын күні үшін де осылардың алдын алғанымыз жөн. Мені алаңдататын тағы бір нәрсе, саулығы жетіп тұрса да, әлгі немене, сымбатын сақтап, әрін кетірмеу үшін жанұяда бір-екі баламен шектеліп қалатын жас аналар. Қазақ дана халық қой. Мынадай мәнді сөзі бар.
Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың болар – болмас хәлі бар,
Үш баласы бардың үш рулы елде малы бар.
Төрт баласы бардың төрт құбыласы тең болар,
Бес баласы бардың ешкімге дес бермейтін жөні бар.- дейді. Сондықтан да, көп балалы үйді ырыздығы мол, кең керегелі, бақ-берекелі болары анық.
Бір сөзіңізде, нақтырақ айтсам, «тәрбие туралы толғаныс» атты еңбегіңізде «есімі елге танымал перзенттердің анасы атану тіпті қиын « депсіз?!
Иә, ұлымның осы күнге дейін, алда да атқаратын қызметтері халыққа ұнайтыны бар, көңілдерінен шықпайтындары да болады. Міне, осының бәрі мені бей-жай қалдырмайды. Сырт көз сыншы емес пе? Жер басып жүрген барлық пенденің жүрегі аналардікіндей ақ болса ғой дейсің. Осындай елінің көздеген межесі үшін қызмет атқарып жүрген, ат үстіне мінген әр азаматтың аналары үшін таразының әділдігі маңызды. Елордамыз Астанаға басшы болу, бұл ең үлкен жауапкершілік. Теледидар мен басылым беттері, радио бүгінгі серіктерім. Ұлыммен аптасына бір-екі рет сөйлесіп тұрамын.
Қыздарға, бойжеткендерге айтар тілегіңіз?
Айналайындарым! Қыз баланың бүгінгі алған тәлімі – ата-ананың, бүкіл бір аталы рудың мерейі, қазақтай ұлттың айнасы. Сондықтан да ар мен абыройдың алдында қашанда тәрбиелі болыңдар.
Әңгімеңізге рахмет. Бойында намыс оты ойнаған, ұлт тәрбиесін сіңірген, иманды да инабатты, тәрбиелі, ана тілін ардақтаған қазақтың текті қыздары көп болғай!

2 пікір
Мен көп балалы әке болғанды жақсы көрем.