Қош келдің, әз-Наурыз!

Қазақ салт-дәстүрлері /
Бүгін Өзенмұнайгаз АҚ-ның ұйымдастырылуымен №4-ші Мұнай газ өндіру басқармасында Жаңа жыл құрметіне орай "Қош келдің, әз-Наурыз" атты мерекелік шара өтті. Мерекенің концерттік бағдарламасында ұлттық және эстрадалық әндер шырқалып, салт-дәстүрлеріміз кеңінен насихатталды.



Сондай-ақ, кәсіпшіліктер арасында ұлттық киімдер мен ойындар сайыстары ұйымдастырылды.

"Қазақтың ұлттық тағамдары" сайысы.

Ұлттық киімдер сайысы.

Ойындар сайысы.


Әрине, таңнан кешке дейін мерекелік дастархан өз меймандарын.

Бір қуантарлығы ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келе жатқан мұнайшылар мен жас мамандар еңбектері ескеріліп, оларға мақтау қағаздары мен әртүрлі сомадағы сертификаттар мен сый-сыйяпаттар табыс етілді.

Той соңында ет тартылып, ақсақалдар ақ баталарын берді.

2 пікір

Korkem
Құтты болсын Жаңа Жыл!
Kan
Әз Наурыз мерекесі құтты болсын баршамызға. Еліміз тыныш, жұрттымыз аман болсын.

Кейде осы дәстүрімізді тек жаңа жылдағана еске алып насихаттайтынымыз бізге аздық ететін секілді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.