Айтамын жарамазан есігіңе...

Қазақ салт-дәстүрлері /
Жарамазан айтпаған бала жоқ шығар. Мысалы, өзім сәті түскен кезде, офисте де, қайда жүрсем да айжвере саламын :) Негізі Қазақтардағы рамазан айының рухы өзгеше болады ғой. Бала күнімізде рамазан айы келді дегенше көшеге кетіп, түннің бір уағында оралатын едік. Ол кезде сәл-сәл домбыра тартатын едім. Табылған 200-300 теңгені 5 бала қақ ортадан бөлісіп аламыз. Есімде, ауылда екі үй бар еді. Солардың бірі міннндетті түрде ақша беретін еді. Ал, көпшілік барын береді: Өрік, Алма, Кәмпит-сәмпит деген сияқты. Ощм, Жарамазан айтудың өзінің бір дүние қызығы бар ғой.
Ал, мынау біз жақта айтылатын жарамазан:

Айтамын жарамазан есігіңе,
Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе!
Қошқардай қос ұл берсе бесігіңе
Кім келіп, кім кетпейді есігіңе?

Айтамын жарамазан ойлай-ойлай,
Қарынбай кеткен екен малға тоймай.
Отыз күн оразаға бір мал соймай,
Барады әлі кетіп бойлай-бойлай.

Айтқанда жарамазан тоямыз ба?
Кәдесін бұрынғының қоямыз ба?
Қой берсең, қозы берсең жарасады,
Апарып ауызашарға соямызда.

Ақ тауық, қызыл тауық құрман шашар,
Осы үйде бір жеңгем бар теңге шашар.
Теңгеңді шашпай төкпей қолыма бер,
Әйтпесе, Балтабай* бар ала қашар.

Меккеде бір ағаш бар басы күйген,
Жайқалып жапырағы жерге тиген.
Осы үйде бір адам бар құдай сүйген,
Ол адамның сауабы жұртқа тиген.


Рамазан айы құтты болсын! Ал, сіздердің Жарамазанның қандай еді?

22 пікір

yesbolat83
Өкінішке орай біз жақта Жарамазан көп айтыла бермейді. Менің есімде қалғаны мынау ғана:
Жарапазан, жарапазан!
Қабыл болсын оразаң ұстаған жан!
MSHERIMBEK
Жарапазан, жарапазан!
Қабыл болсын оразаң ұстаған жан!
Ильяс Жансүгіровтің шығармасынан оқыған едім осы нұсқасын.
rauan
Алып шық, алып шық
Сар табаққа салып шық.
Сар табаққа симаса,
Етегіңе салып шық — деп кешегі күнге дейін айтып жүруші едім…
directxr
Етегіңе сыймаса бес-он теңге алып шық — дейтініміз де бар еді біздің)))
qyrmyzy
осы жолдарды алғаш естігенімде қатты таңқалдым)))) Кішкентай балалар дәл осы жерін қаттырақ айғайлап айтады)))
korwinin_kyzy
Етегіңе салып шық
Базардағы дөнер сататын өзбектердін жаланаш қолымен дөнер жасағанына желкеніп жүрсем Етегіне салып шық дегенин сіліщкім боп кетті енді ше УАХАХХХАХХАХАХ
directxr
Жазба керемет, оқып бала күнім есіме түсіп отыр. Кеше де жұмыстан қайтып жатқанда автобуста да айтып жүр балалар, әшейінде қайыр сұрауды бизнес еткен өзбек, сығандарды жақтырмаушы едім автобустағы. Ал балалар көңіліме жағып, тиын-тебен беріп, қолды жайып тұрып баталарын алдым)) Олар да риза, мен де риза. Орыстар отыр көздері бақырайып, «мына не пәле?!» дегендей суық жүздерімен қарап.
Соңғы өңделген уақыты:
rauan
Біз осылай айтатынбыз....

Айтамын жарамазан есігіңе,
Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе!
Қошқардай қос ұл берсе бесігіңе
Кім келіп, кім кетпейді есігіңе?

Ана ауылға барып едім тайлақ берді,
Тайлағын ала жіпке байлап берді.
Ойпырмай баласының пысығын-ай,
Жеті қырдан асырып, айдап берді.

Алып шық, алып шық
Сар табаққа салып шық.
Сар табаққа симаса,
Етегіңе салып шық.
Етегіңе симаса,
Бес-он теңге алып шық.

Ақ тауық, қызыл тауық қырман шашар-ей,
Осы үйде бір жеңгем бар теңге шашар-ей.
Теңгеңді шашпай-ақ қолыма бер,
Қасымда жолдасым бар, алып қашар-ей.
ereke_enu
Біздің жақ қызық шамалы. Әлі күнге дейін жарапазан айтпақ түгіл естімеппен де. Асық та ойнамадық.
saryqazaq
Жарапазан айтып та естіп те көрмедім.
mairosh
Ие, мына біз де жарамазан айтып өстік)) Әлі күнге келеді, келсе қуанып-ақ қаламыз, себебі келгенімен азайып кетті соңғы кезде.
Қызық еді))) бізге берген ақшасы, тәтті-пәттісінен гөрі есігінің аузында жарамазан айту мен, бата беру қызығырақ көрінетін)))

Біз айтатын жарамазан да тура осылай, кейде күлдіргі жарамазанды айтқанды артығырақ көретінбіз. Батасы мынадай секілді болатын:

Бата-бата баудай,
басын кескен таудай.
Бұрама темір, сым темір,
суға салса батпасын,
отқа салса күймесін.
Балдарыңның мінгені,
Жорға-жорға тай болсын,
Жорғалатып келгенде,
Көңілдерің жай болсын!
Әумин! )))

Қарап отырсам, біз деген балалыққа бай екенбіз-ау))
ereke_enu
Өлеңде сым темір қандай қызмет атқарып тұрғанын түсінбей-ақ қойдым
Korkem
Бұл пікірді жазған мен едім негізі))) байқамаппын да
mairosh
қалай қалай?)))
Korkem
біздің үйдегі компьютермен кіргеніңде шығуды ұмытып кетсең керек)) сен кеткен соң артынша мен кіріп жаза салғам ғой мән бермей))) дереу парольіңді ауыстырвацың ба
mairosh
Жоқ, ауыртырған жоқпын. САған сененм ғой)) Бірақ жаза бермегейсін))
Korkem
болд Ғұәә, сенікінен шығып кеттім ғой. Енді қалай жазам, қуасың ба, шәйнек-ау
ereke_enu
Соңғы өңделген уақыты:
korwinin_kyzy
Әр елдін салыт басқа мысығы қара қасқа дегендей,,,
Біздің елден яғни Мавританияда ваще ондай болган жок бірінші рет естіп отрм ше уахахахах
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.