Қызғаныш қандай сезім?

Қазақ салт-дәстүрлері /
Не нәрсенің болсада өз мөлшер, шекарасы бар.Мөлшерімен ішкен у да ем болады, асып кетсе өлтіреді.Артығымен жұтсаң ауаға да шашаласың, ал сол ауа болмаса тағы да тұншығып өлесің.Демек барлық нәрсенің екі жағы бар, жаман -жақсы, шуақты — көлеңкелі, пайдалы — пайдасыз дегендей.Қызғаныш та сондай.Өз қалыбынан аспаса ол сезім ,құндылық қорғанышы, ал шектен асып кетсе бүлдіруші.Қызғаныштың сауыты сабыр.Сабырмен ақылға салып безбендесе қызғанышты жеңуге де,өзмүддеңе пайдалануға да болады.Шолақ ақыл, тыз етпе ашу қызғанышты өртке айналдырады да, тас — талқан етеді.Сондықтан да әруақытта сабырды дос қылуға тырысыңыздар. Jako,

3 пікір

MSHERIMBEK
Өте дұрыс айттыңыз! қызғаныш деген қажет қой. адамдар үнемі наразы болып жүреді. біреуі шектен тыс қызғанады деп, екіншісі мүлдем қызғанбайды деп. Соған қарағанда қызғанышты контроль жасау әркімнің қолынан келе бермейді ау деп ойлаймын.
KILYZAMAN
Мен тек жамандықтан ғана қызғанамын өзіме қымбат жандарды… Басқасының бәріне дерлік түсінсітікпен қарауға тырысып келемін — соның өзінде, "қаталсың" — деген ескертпелер жиі айтылады… Талқыға түсіп, иімнің жұмсарып кеткендегімнің өз осындай :-(
Jako
Еркектердің қаталдығы болмаса мына дүния әлдеқашан қирап қалған болар еді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.