салт дәстүр

Қазақ салт-дәстүрлері /
1) әсемдік үшін үкінің үлпілдек жүнін тағу. Дәстүрлі қазақ қоғамында үкі қасиетті құс саналған. Сондықтан халық үкі қауырсындарын жас нәрестенің бас киіміне, бесігіне таққан. Қасиетті құс сәбиді жын-шайтаннан қорғайды, оның тыныш ұйықтауына септігін тигізеді деп сенген. Осыдан келіп, қыздар мен сері жігіттер бас киімдеріне, жас келіндер екі бұрымына сәндікке Үкі тағуды дәстүрге айналдырған. Үкі көбіне қыздардың бас киімдеріне (тақия, сәукеле, т.б.) тағылған. Қазақ сал-серілерінің арасында да үкі қауырсынын тағып, елден ерекшеленіп жүргендер де болған. Мысалы, Үкілі Ыбырай, т.б. Үкі қауырсынын халық бойтұмар ретінде көріп, бағалаған.
2) Қызға құда түскенде оның айттырылған қалыңдық болғандығының белгісі ретінде берілетін кәделердің бірі. Қыздың ата-анасына мал немесе ақша беріліп, екі жақ құда болуға уәделеседі. Үкі тағу дәстүрі көбіне қыз бен жігіт бірін-бірі ұнатқанда жасалынады. Бастапқыда үкі қауырсыны бәле-жаладан келінге қорған болсын, ешқандай жамандықты жолатпасын деген ниетпен кәдеге қоса берілген.

1 пікір

followme_alik
-_- "үкі тағу" дегенді 5 оқитын інім ішек құрылысынан тазартылған жапалақты басқа кию деп есептейтін -_-
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.