Эстафета жалғасады!!!
АЛАҚАЙ! Біздің көшеде той! Біздің шаңырақта той! Біздің әулетте той! Орасан қуаныш пен шаттықтың қарсаңында тұрмыз! Енді санаулы күндерден соң қыстың алғашқы күнімен үйімізге келін келмек. Апам мен көкемнің келіні. Жангелдінің келіншегі. Жандос пен Жанеркенің жеңгесі. Есімі кім дейсіз бе? ЖАНАР! Бәріміздің жанарымызға жарық пен жылуды сыйлайтын, жүректерге жаңа үміт тарту ететін ЖАНАРЫМЫЗ! Біздің Жанарымыз!
Көптен күткен ұлы той болатын секілді. Апа мен көкемнің қуанышында шек жоқ! Олар тіпті асығыс. Егер Жанарымыз ұл туса атын мен қоямын, егер қыз босанса сен таңда есімін деп жүр. Скорость жаман емес оларда. Тойдың болғанынан боладысы қызық деп қызықтан арыла алмай жүрміз соңғы кезде. Күн-түн қызық. Дайындық. Апам базардың «гүлі» боп Жанарына «униформа» дайындап жүр. Отқа салсаң жанбайтын, суға тастасаң батпайтын қып-қызыл халат пен аяғына су жаңа «мерседес»))) Ал менің қуанышымды айтып жеткізе алмайм. "Үйде" деп аталатын мейрамхананың бас аспазшысы деген құрметті атағымнан айырылатын болдым. "№1 ыдыс жуушы" деген құрметті қызметімді қимасам да Жанарға қидым. «Большая стирка» деген бағдарламамды да соған салтанатты түрде тапсырмақпын. «Жылдың үздік үй жинаушысы» деген дипломымды да соған тарту етем. Не деген дархан едім мен))) Енді осы атақ, құрмет пен лауазымның бәрін өзге шаңыраққа барып иемденсем бе екен деп қоям. Эстафета жалғасуы керек қой. Кезек менде секілді. Мені де осылай тағатсыздана күтіп отырған отбасын барып шексіз бақытқа бөлейін десем қалай болады?
Ағайын, тойға келіңіздер! Қуанышқа ортақ болыңыздар!

6 пікір
Менде 5 жыл бұрын женгелі болғам… Сен сияқты қатты қуанғам. Бірақ… женгелі болғаным не керек ол жұмыстан келгенде тамақ пісіп, үй жинаулы тұру керек((( олай болмай қалса үйдің ішінде боран тұрып тіптен қар жауып кетуі де мүмкін болатын.
Жеңгей су жаңа «мерседесін» киіп ап Сіздерге қызмет жасай берсін.)