Той туралы

Қазақ салт-дәстүрлері /
Той деген жақсы. Аты айтып тұрғандай-қарның да, көңілің де тою керек. Қазақтың тойында бәрі бар. Бата, тілек, ойын, сауық, тіпті төбелес те болып тұрады. Біздің бір әдетіміз-бұрынғымен салыстыру, яғни, «біздің жас кезімізде қандай еді?»
Қазір мейрамханаларда тойлаймыз. Ай, апта бұрын сауын айтып, ел шақырамыз. 2-4 сағат кешігіп бастаймыз. Тамақ жеу бұрынғы қалпында, қалғаны- бәйгенің орнына сөз (тілек, тост), күрестің орнына би жарысы. Ұлттық ойындардан қалғаны-әр ұлттың биін билету, т.с.с.
Содан соң… даңғаза музика және асабаның әрпіл-тәрпіл әңгімесымағы.
Ағайын! Осындай мәнсіз, мәдениетсіз, қуанып барып қуарып, басың айналып қайтатын даңғаза тойлар неге керек? Әркім өз қуанышына өзі қожа ғой, дегенмен, әсіреңкілік пен әулекіліктен арылудың жолдары бар шығар, ақылдасып көрейік те!

2 пікір

esilerkesy
ол енді әркімнің өзіне байланысты ғой деп ойлаймын
Jako
Мені де той өткізу үрдісіміз қанағаттандырмайды.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.