Күн мен ай.

Қазақ салт-дәстүрлері /
Күн мен ай
Күн мен ай, табиғаттың тепе-теңдігі, нәрі,ұлылығы. Аллатағаламның адам баласы, күллі тіршілік иесі һәм табиғатқа тарту еткен кереметі.Бірақ осы екі керемет еш уақытта бірге тұра алмайды. Қарап тұрсақ адамдар арасында да, бір – біріне ғашық бола тұра, ғажайып бір көрінбейтін күштердің әсерінен бір-бірімен қосыла алмайтын жандардың кездесіп жататыны бар емес пе? Осы бір ұқсастық мені көптен бері толғандырады.

Күнге өзімді теңесем шуақ тастар,
Айға сені балар ем нұрын шашар.
Бірақ мәңгі бірге бола алмайды,
Бірі шықса, енді бірі тұра қашар.

Көрмесе де олар мәңгі бір-бірін,
Айтпаса да бір-біріне жан сырын.
Серік қылып бірі түнді, бірі таңды,
Ғашықтықпен өткізеді бар күнін.

Күн аңсайды көрсем деп Ай дидарын,
Ай аңсайды көрсем деп Күн сұлуды.
Бірін-бірі қуалап жолыға алмай,
Алла оларға жазбапты бір тұруды.

Жылдар өтті,ғасырлар дәл осылай,
Ай мен Күн жүр әлі де бір қосылмай.
Адамдар бар Айға ұқсаған Күнменен,
Бірге жүріп қосыла алмас нақ осылай

2 пікір

93ab
Өлеңіңіз тамаша. Ұнады Рахмет Бірақ ай мен күн бірге бола алады. Түс қайтқанда кей кезде көруге болады ғо күнді. Ай әлсіз ғана аларып тұрады. Және де күн тұтылғанда ай күннін бетін жабады. Және айды көретін себебіміз күннің жарығы түскендіктен ғо. Ай мен күн тығыз қарам қатынаста ) Ал егер күн мен түнді алсақ олар бір бірін алмастырады )
AKA
Жақсы, «Шын ғашықтар қосылмайды» дегенге келеді екен, бірақ осы сөзді ұғынуым қиындау.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.