Денсаулық - зор байлық!

Салауатты өмір салты /
ДЕНІ САУДЫҢ — ЖАНЫ САУ


Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей:
Бірінші байлық – денсаулық
Екінші байлық – ақ жаулық
Үшінші байлық – он саулық
демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. «Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет. Яғни „Ауруын жасырған өледі” (Ә.Науаий) деген сөзге қарсы адам өз бойындағы ауруы бойынша дәрігерлерден кеңес алып, білгендерден сұрап отыруы қажет.

4 пікір

Korkem
Алғашқыңыз жаман емес, сәттілік тілеймін…
Moldir_96
Рахмет, Көркем!
dimash
Керемет жазыпсыз Мөлдір! Ұлы тұлғалардың сөздері әр кезде де орынды ғой!
Moldir_96
Рахмет, Димаш! Дұрыс айтасыз! «Жақсының аты, ақынның (ұлы тұлғалардың) хаты өлмейді!»
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.