Емдік дене шынықтыру туралы жалпы түсінік

Салауатты өмір салты /
Емдік дене шынықтыру — анатомиялық және физиологиялық тіндер бұзылыстарын қалпына келтіреді. Тарихына тоқталсақ 1921 жылы сан-курорттық орындар ашылғаннан бастап ЕДШ колданыла бастады. Емдік дене шынықтыруға Гиппократ, Гегель аталарымыздың еңбегі зор. ЕДШ аурудың ерекшеліктеріне қарай рет ретімен берілген кезде өзінің емдік әсері болады. ЕДШ жаттығулар қан айналым қызметін, дем алысты, зат алмасу, нерв жұмысын, ішкі секреция бездердің және бұлшық еттер жұмысын жақсартады. Жаттығулар ауруханаларда, емханаларда, әйелдер босану орындарында, сан-курорттық жерлерде жасалады. ЕДШ тек жергілікті жерге ғана әсер етіп қана қоймай, бүкіл ағзаға да әсер етеді. ЕДШ-ның басқа емдерден айырмашылығы дәріс түрінде өткізіледі. Жаттығу жасау барысында аурудың жағдайына байланысты үстеме жаттығуларды жәйлап қосып отырады. Емдік дене шынықтыру қай жерде жасалатыны маңызды. Мысалы таза ауада, күн астында немесе жабық бөлмелер. Жабық бөлмелерде өткізетін болса сол жердің санитарлық-гигеналық ережесін қатаң сақтау қажет. ЕДШны дәріс түрінде өткізгенде топтап немесе жеке адамға жасайды. Жаттығуды дәрігер науқастың жағдайына байланысты тағайындайды. Жеке емдік жаттығулар төсекте жатқан күйінде жасайды. Таза ауада жасалатын жаттығу кезінде науқастар топ топқа бөлінеді. Дәріс ұзақтығы аурудың жағдайы, түрі, жасына байланысты болады, орташа ұзақтығы 15-45 мин. Дәріс 3 бөліктен тұрады:
1. Кіріспе
2. Негізгі
3. Қортынды
Сонымен қатар жаттығулар құралмен және құралсыз жасалатын болып бөлінеді.
Құралдарға- таяқ, гантель, доп, жаттығу жасайтын қабырға, орындық жатады. Бұлар жүрісті дұрыстайды, ауып кетпеуді қадағалайды. Бұлшық ет жұмысы нашарлағанда қолданылады.



ЕДШ жаттығуларын ауруханадан шыққаннан кейін емханада жалғастыра алады.
Қарсы көрсетпелер: дене температурасы жоғары болған кезде, қан қысымы 200 с.б. жоғары болғанда, жалпы науқас жағдайы ауыр кезінде, нерв тамырлар бойларының ауырсынуында, қан кеткенде, қатерлі ісікте, қан кету қаупінде қолдануға болмайды.
Қолданылуы: нерв жүйесі ауруларында, тыныс жолдар ауруларында, сүйек-буын ауруларында, әйелдер босанар алдында қолданылады.

1 пікір

dimash
))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.