Ашығудың пайдасын көрген Әсет Мұқашбековпен сұқбаттасу (қызықты тақырып)

Салауатты өмір салты /
Ғаламторды ақтарып отырып мына бір қызықты сұқбатты тауып алдым, қазақша шрифтісіз жазылған бұл мақаланы түзулеп, қаз-қалпында назарларыңызға ұсынып отырмын.

Өлiп барып, аштық ұстап сауығып, жасарып кетуiм.

Әсет Мұқашбеков

Жеу ушін өмір сүрмеу керек, өмір сүру үшін жеу керек. Тамақ көп болған сайын, ауру да көбейеді.
Бенджамин Франклин


Жалпы түр тұлгам, келбетім: Бет әлпеті қара қошқылданып түнеріп кеткен, ойы дұрыс емес, бұрыс, екі көзі кұтырған иттің көзіндей қанталап, қарны қабақтай, беті табақтай, бұғағы салақтап жүрген, жүрісі баяу, санасы жартылай ояу, көңілі қаяу, о дүниеге таяу пендені бұрын кездестірсеңіз мен деп білерсіз. (Қараңғылық құрсауында, кітап окымай ауылда мал болып маңырап жүргендегі келбетім).

– Жалпы ашығу кезде өзіңді қалай ұстауың керек?
– Ниет адамнан, рахым Алладан. Өз келеңсіздіктеріңізді біреуден көрмеңіз, біреуге жала жаппаңыз, біреу үшін біреу өмір сүрмейді, біреу үшін біреу тамақ ішпейді. Өзініздің бақытты, немесе сорлы болуыңыз тікелей өз қолынызда, анығырақ айтсақ пайымдау мен сананызда. Не ойласаң сол болады. Үнемі жақсылық ойласаң жақсылық, үнемі жаманшылық ойласаң жаманшылық болады.
Біздің қазекенде мынадай жаман әдет бар. Үнемі жоқтан және өзін меңдеп алған ауруынан басқаны айтпайды, аузын қу шөппен сүртіп отырады. Есіңізде болсын!
Жоқ деп ойлаған ниетіңе байланысты Жаратушы жоқшылықтың есігін ашып қояды, ауруымнан жазылмаймын деген ниетінізге байланысты созылмалы сырқатыныздан айықпайсыз – себебі, сіздің қалауыныз бен ниетініз осы, Алладан тек осыны ғана тілеп отырсыз, Алла сіздің тілегіңізді қабыл етуде.
Аузыңыздағы сөзге абай болып сөйленіз, айткан сөзініз де қабылданатынын ұмытпаңыз. Баяғыда біреу ақтышқақ, тышқақ келгір деп екі сөзінің бірінде өзінен-өзі қарғанып сілене береді екен. Ақыр аяғында өзі созылмалы, жазылмайтын ақтышқақ ауруына шалдығыпты. Сөздің құдіреті дегеніміз осы, қарғанып сіленбеңіз, біреуді сыртынан қарғамаңыз, өзінізге кеп тиюі мүмкін.

Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес
Еңбектен бұдан өзге бәрі жалған. Абай


Менің негізгі мамандығым агроном. Ол кезде мен бейберекет өмір сүрудің нәтижесінен қатты ауырып жүргенмін, себебі тамақты кез келген уақытта талғамай қалай болса солай ішу, арақ пен темекіні рухани қараңғылықтын салдарынан алғашында: дәреже, мақтан көріп үйреніп, соңынан қалай маскүнемге және темекі мен ащы шәй ішетін бангішеге (наркоман) қалай айналып кеткенімізді білмей де қалдық.
Осы әдет Кеңес үкіметінің тәрбиесімен өскен, сол кезеңде қызмет істеген ауыл шаруашылық мамандарының бәріне тән ерекшелік болды десем қателеспеймін, себебі ауыр жұмыстан қажығанда демалысымыздың сиқы осы болды, басқадай демалуға болатынын білмедік, 10 шақты жылдар бойы заңды демалысымызды да ала алмайтынбыз, ерте көктемнен қар түскенше тәулігіне 16...18 сағаттан жұмыс істеп, балаларымыздың түрін апталап көрмейтінбіз.
Осындай бейнет пен тозақтың салдарынан, әсіресе ауылды жерде тұратын 50 жастан асқан азаматтардың, қазіргі кезде түгелдей дерлігі әр түрлі созылмалы аурулармен ауырады, ал негізгі бөлігі мезгілсіз ажалдың құрбаны болуда.
Менің шырғалаңым өзім білетін адамдардікінен анағұрлым артық еді. Жүрегім қысып, жаным жәй таппай, жүрегім қысканда жаным шығып кете жаздайтын. Дәретім уақытылы шықпай, үнемі іші қатып жүретін. Ішімді жел кеулеп, ұйыктай алмайтын.
Өзім араққа салынғаным соншалық, нақ маскүнемнің өзіне айналдым. Жанұя мен балаларға қалай қараганымды өзің де біліп отырган шығарсың. Арақ іше бастағанда иіскеп біле ме, әлде бір-біріне хабарлайма білмеймін – пенде баласына жақсылық әкелмейтін, көңілдері қарау, бір қапшық жемді пайда көретін, адамшылықтан жұрдай «кісі киік достарым» өтірік мақтап, сумаң қағып, жан-жактан қаптап, қолма-қол пайда болатын.

Өмір, дүние дегенің,
Ағып жатқан су екен.
Жақсы-жаман көргенің,
Ойлай берсең, у екен. Абай


Осындай мазасыздықпен өзімді күздың ернеуіне әкелдім. Мыңдаған опықтар болды. Өзімнің қазіргі жазып жүрген жазбаларымда айтылғандай, біздің елімізде мың-мыңдаған адамдар осы мазасыздықты жаман әдетке айландырып алған. Кей кездерде өзіме-өзім қол жұмсасам ба деген ойлар да басыма келетін.
Мені провизор (дәрі-дәрмек жасаудың маманы) бауырым Қамбар, қызым Айнұр Алматыдағы маскүнемдерді жасырын түрде гипнозбен, инемен емдейтін емханаларға да бірнеше қабат апарды, біраз жүргеннен кейін арақты қайта қалай ішіп қоятынымды өзім де байқамай қалатын болдым. Арақ ішкеннен кейін жүрегім қысып, жаным мен тәнім де мазасызданып қайта ауыратын болдым.
Себебі арақтың уыты жасауша деңгейіме түсіп кеткен, маскүнемдік пен темекіден емделудің бір-ақ зиянсыз жолы бар, ол – ашығу, дүркін-дүркін тәнін толық тазаланғанша ашығу! (Ашығу арқылы толық тазаланғаннан кейін арақ пен темекінің исінен-ақ жүрегің айни бастайды).

Енді өзіме келсек осындай надандықтың, рухани қаранғылықтың салдарынан салмағым 110 кг болып, керек десеңіз еңкейе алмай өз аяқ киімімді әзер киетінмін.
Жүргенде ырс-ырс етіп, тұздын көп шоғырлануынан табаным бастырмайтын. Осылай ғұмыр кешудің натижесінде 45 жас шамасында жүрегім қысып, бүйрегім істемей, қан қысымым 70-ке дейін күрт төмендеп, асказаным тоқтап қалып, үсақ түтікшелері (капиллярлары) жарылып кетті, аузымнан қара қан тоқтамай, жансақтарда (реанимация) өлі мен тірінің арасында 12 тәулік жаттым, жансақтардан шыққаннан кейін ауруханада тағы бір ай жаттым, сол кезде маған күні-түні ине қойып (система) гемодез т.б. витаминдермен қоректендірді, ал асқазанымның үстіне мүз қойды, мұздың ызғарын мүлдем сезбедім.
Менің бірге туған сүйікті бауырым провизор Қамбар Ризаұлы Мұқашбектегі өзінін қанының жартысын құйып, аудандық жансақтар (рениамиация) бөлімінің меңгерушісі Дәулет Көпжасарұлы Абаков ажал шеңгелінен әрең дегенде алып шықты.
Ауруханада қозғала алмай жаткан 50 күнде, төсегімнің қасына отырушы медбике Нүргул Абылханованы арнайы тағайындады. әлі күнге дейін осы ақ халатты абзал жандарды ризашылық сезіммен ауық-ауық есіме алып коямын.
Осыны оқып отырған оқырман қауымның ауруларын түгел жинақтаса, сол аурулардың түгелі дерлік менің бір басымда болды десем шындықтын ауылынан онша алыс кете қоймаймын. Келесі жылы да жүрегім қатты қысып жансақтарда бір апта емделдім, содан аурухана біртіндеп екінші үйіме айнала бастады.
Жәй ғана білім алу кункорісіне комектеседі. Өз бетінше біліміңді жетілдіру –табысқа әкеледі. Джим Рон
Поль Брэгтін «Здоровье и долголетие» атты кітабы менін колыма 1996 жылы қаңтар айында тиді. Осы т.б. ашыгу туралы кітаптарды мұқият, ыждағаттылықпен оқып, бірте-бірте санама толықтай сіңіріп алдым.
Сонан сон ойланып, ішкен дәрілерім әсер етпейтін болған соң: «қараптан қарап арам өлгенше, қарманып өлейін», – деп кітаптағы «ауру – қылмыс, қылмыскер болмайық» деген ұранды басшылыққа алып 3 күндік ашығуға бірден тәуекел еттім, нәтижесінде 3 тәуліктен кейін аяғымнын бастырмай ауырып жүргені бірден жоғалып кетті.
Содан кейін, бір куні таң ата, тәнім мен жанымды ойша бөліп алып, өзіме-өзім жағдайымды айтып, мұңымды шақтым. Бұрынғы қылығын сүмдық деп айттым.
Егер де табиғаттың заңдылық жолымен жүрсем, онда өзімнің бейнетімнен құтылатынынымды айттым. Мазасыздығынын ешнарсені білдірмейтінін айттым. Егер өзімнің жүйке күшімді қайта құрсам көптеген сұрақтарыма жауап таба алатынымды да сездім.
Мен өзімнің өмірімде табиғаттың барлық заңдарын бассыздықпен бұзуга әрекеттеніп, нәтижесінде тәнімді, мінез-құлқымды, жанымды ауруға шалдықтырғанымды да өзіме айттым.
Мен өзімні тәніме ағымнан жарылып айттым, менде сиқырлы дәрі жоқ деп. Менің ендігі қолымнан келетіні, табиғаттың жолымен жүріп, адамша өмір сүру керек дедім.
Табиғи өмір сүрудіғ алғашқы баспалдағы ретінде үш тәулік бойы таза судан басқа ештене ішіп-жемей аштық бағдарламасын ұстауды ұсындым. Ол ушін, толық тыныштықта демалдым.
Осылайша өзімнің ағзамдағы улардан тазалауды бастап, омірге байсалды көзқараспен қарап, өзімнің тауқыметтерімді талдай бастадым. Үш куннен кейін іле-шала он күндік ашығуға кірістім. Нәтижесінде ағзам улардан арылғаннан кейін өз басымда керемет өзгерістер болды. Ақылым айқындалып, санам тазарып, ойым мөлдірленіп, өзімнін шырғаландарымды өзім шеше бастадым.
Мен өзімнің тамақтану бағдарламамды күрт өзгерттім де, 30 күндік ет жемейтін мәзірге отырып, барлык өлі тамақтардан: шайдан, кофеден, қант-кәмпиттен, консервіленген тамақтардан, тұздан, темекіден, ішімдіктен, сырадан, кока-кола өнімдерінен т.б. түгелдей бас тарттым.
Сонан кейін тағы да екі қабат 7...10 күндік ашығуды өткізіп, денем жеңілдеп, денсаулығымның күрт жақсара бастағанына көзім жетті. Ұзак ашығуға біртіндеп 3-4 жыл дайындалдым. 2000 жылы Наурыз айында 21 тәулік ашықтым, сондағы ағзамның тазаланғанын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес!
Алгашқы ұзақ 21 тәуліктік ашығу бағдарламасын ұстап жүргенімде кейбір көрші, өсекті судай сапыратын келіншектер: «Әсет жынданып кетіпті, аузына мүлдем тамақ салмайды екен», – деп өсектеп, сыртымнан күлетін, бірақ олардың сөзіне мән де берген жоқпын «Ит үреді, керуен көшеді, денсаулық елге емес өзіме керек», – деп алған бетімнен қайтпадым, нәтижесінде тамаша денсаулықпен марапатталдым.
2001 жылы ораза айында 27 күн ашықтым, 2002 жылы ораза айында 38 тәулік, ал 2003 жылы ораза айында 40 тәулікке жеткіздім. Осы ашығу барысында қыста қардың суын, қалған уақытта қайнар туманын не қудықтың суынан басқа аузыма нәр татпадым.
Аралық кезеңдерде анда-санда тәуліктеп ашығып жүрдім, бірақ кітаптағы шарттарды толық сақтадым деп айта алмаймын, себебі денсаулығын жақсара бастағанда, баяғы «таз» қалпына түсіп пендешілік жеңіп кетеді екен. 2004 жылы да 40 тәуліктік ашығуға, ораза аяқталарда, яғни 9 қарашада кірісіп кеттім де Желтоксанның 19-да 41 тәуліктік ашығуды ойдағыдай аяқтадым.
Бірақта, 2005 жылы Алматыға көшемін деп, Уржардағы үйімді сата алмай, осыларды сылтау қылып ашығуды салақсып ұстай алмай, өзімді жан емес тән билеп, ауру мен настық қайта меңдеп алды.
2006 жылғы 50 күндік ашығуымда ыстық қайнаған суға таза бал және лимон қосып іштім. Соғгы 15 күнінде тек қайнаған ыстық су ғана іштім. Себебі балдан адамнын жүрегі қайтып қалады екен, ағза өзі қажеттісін ғана қабылдайды.
Ыстық суға таза бал мен лимон салып, ерітіп ашығуды өзімнің ашығу іліміне қосқан қомақты үлесім деп білемін. 2007 жылы наурыз айының 16-нан сәуірдің 24-не дейін 40 күндік аштық ұстадым.
Ескерту: Естеріңізде болсын! Егерде сусамыр (қант диабетімен) ауыратын болсаңыз ішетін суынызға бал қоспаныз, қанытыңыз көбейіп кетеді! Тек қана таза ыстық су ғана ішіңіз!

– Әсет Ризаұлы, өзінізді қазір қалай сезінесіз? Оқырмандарға осы туралы қысқаша айта кеткеніңіз дұрыс болар?

– 2008 жылы қыркүйектің 26-нан қазан айының 4-не дейін 41 күндік аштық ұстадым. Қазір көңіл күйім өте жақсы, шаршауды білмеймін. Ашығудан кейін күннен күнге тәніме де, жаныма да керемет буырқанған қуат қүйылып жатканын сеземін.
Өзімнін жасарып, жас кезімдегідей қайратты, сымбатты және 10...15 жылға бірден жасарып кеткеніме жанымдағы жұбайым, балаларым, жақсы араласып жүрген достарым да таңырқап қарайды.
Тәнім ғана тазаланып қана қоймай, жаным мен рухым да тазаланғаны соншалық, бурынғы өмірдің күрделі шешілмейтіндей көрінетін шырғаландары өзінен-өзі қарапайым шешіліп, тұрмысым да түзеліп, нақ бақытты болудың не екенін тәндік, жандық, рухани тұрғыдан да түсіне бастадым.
Сонғы 3...4 жылдың аралығында маған тылсым дүние түсінікті бола бастады. Ойлау жүйем мен өмірге деген көзқарасым мүлдем өзгеріп кетті.
Барлык ой өрісімді жүрегіме шоғырландырып ұйып тынығуға (медитация жасауға) – санамды, ақыл-ойдымды нұрландыруға (созерцания) үйренуім

Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын?
Халқым надан болған соң,
Қайда барып оңайын?! Абай


Күнделікті таңертең ерте күн шығар-шықпаста және кешкі уакытта 30 минуттан РУХАНИ ашылуға, барлық ой өрісімді жүрегіме шоғырландырып ұюга (медитация), санамды, ақыл-ойды нұрландыруға (созерцания) үйрендім.
Жаратушыдан: «Маған өзімнің бейнеттерімнің барлығынан құтылатын қуат бере гөр», – деп сұрадым.
Өзіме-өзім: «Менің тәнім ашықаннан кейін тазарды, менің ойым лас емес, мөлдір де шабытты. Ойлау жүйем құртуға емес, кұруға бағытталды» деген сөйлемдерді қайта-қайта қайталап айтып өзімді иландыра бердім. Жаратушыдан:

«Маған тағдырды қасқайып қарсы алатын алаңсыздық,
Өзгертуге болатынды өзгертетін батылдық,
Осынын айырмасын түсінетін даналық бере гөр», – деп сұрадым.

Осы байсалды рухани нұрлану барысында өзімді мазалап жүрген сұрактардың баріне де жауап таптым. Қазір мен өзімнің тауқіметтерімнен түгел құтылдым, апта сайын 24...36 сағат, әр жылдың наурыз айында не болмаса ораза айында ұзак 40-50 тәулік ашығып: тәнімді, жанымды, рухымды, нәзік денелерімді тазалаймын.

Бір сағат білім іздеу, үйрену түні бойы намаз окып шыққаннан артық. Бір күн білім үйрену үш ай ораза тұтқаннан да артық. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

39 пікір

MSHERIMBEK
Құдай, құдай:) Жазбалары да, өзі де әдемі мына қыздың:)))))
Korkem
мммм қанша айтқанымен қазақпыз ғой, көз тиер. түкіріп қойыңыз))))
Abylai
Көркем ашығу ашығу деп жатырсың, ашығып семіруге болама а? (( мен салмақ қосқым келеді
Korkem
Міне саған сілтеме, мен сенің қамыңды ойлап жүрмін ғой))) ерінбей оқып шық!
Abylai
мәә жазыпсың ғо )) рахмет қазір оқиын
Jako
Оңай емес екен, бірақ тәуеклге тұрарлықтай-ау.
Korkem
Өмір бір-ақ рет берілетін болған соң, денсаулықтан қымбат не бар?
Liberal
ашыққанда, қандай тамақтарды ғана жеу керек?
Korkem
Алдағы тақырыпта тоқталатын боламын
dimash
түһһһ! өмірдің ләзаттарының бірі тамақ жеу еді, одан да айрылсақ не болмақ?! — деп еді бііреу))

кешеден бері жазғандарыңызды оқып, Көркем, тамақ ішуден қалдым:))) Соңғы жирный етіп жазғаныңды бұрыннан жаттап жүргенім еді, неге ораза тұтпайсың дегендерге ответім ғо)))
мынау нурсишілердін уагызына уксайды екен
Meirzhan
таак… ол уағыздармен жақсы таныс сияқтысыз ғой? :)
жалпы мукашбековтін туындыларын окып керек емес деп кенес берер едім мен
Korkem
оның туындылары нақ Бреггтің көшірмелері, ара-арасында өз ойы болмаса…
мен оның туындыларын жазғам жоқ, сұқбат жаздым
ол жауап сізге емес Meirzhanга арналган
a63a1
ашығу жайлы көп жазып кеттің))) Забастовка жасайын деп жатқан жоқсыңба? =))
Meirzhan
Қарындасымыз бір оқпен екі қоянды атпақшы екен ғой :)
карындасыңыз озінің не жазып жүргенін озі де білмейтін сиякты гой…
Korkem
Білмесем, алтын уақытымды жоғалтып нем бар?
алтын уакытынды мукашбековке арнап оган тегін жарнама жасаудын не кажеті бар, казактар енді сендер сондайсындар енді сендер сойтесіндер деген соз арнамай-ак койынызшы маган
Korkem
Оны жарнамалау емес, ашығудың кереметінің тағы бір дәлелі ғана. Не ғой сізге түк ешнәрсе арнап жатқам жоқ… өзім пайдасын көріп жүрген соң, неге көпшілікпен бөліспеске?
жарайды ренжіспей-ак коялык, мукашбековке бола…
MSHERIMBEK
Бұл блог. Әркім өзіне пайдалы деп білген және қоғам түсінігіне қарсы келмейтін нәрселерді жазады. Жеке сіздің көзқарасыңыз бүкіл қолданушының көзқарасын бермейді. Ретімен жекісеңіз болар еді. Егер дәл сіз сияқты 10 адам қарсы шықса cөз жоқ өшіреміз. Рахмет!
a63a1
айтпақшы мына сөздер
Бір сағат білім іздеу, үйрену түні бойы намаз окып шыққаннан артық. Бір күн білім үйрену үш ай ораза тұтқаннан да артық. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
қайда жазылған, нақты сілтеме барма?
a63a1
Мектеп, университет, т.б. курстарда оқыған күндерімді есептесем талай саупты іс жасап тастаған екенмін ғой ә?
MSHERIMBEK
мен де осыны естігем
a63a1
көргім келіп отыр, жұмақтан гарантия бар деген сөзбе онда?
MSHERIMBEK
Университет жалғастыруға желание ашылып кетті ма?:)))
a63a1
муахахахаа))) Университет тым қиындау, мектепке барсам ба деп отырм, нөлөвойдан бастасам қызыл аттестат алып шығуға мүмкіндігім бар
Armanjan
Көркем сонда сіздің салмағыңыз қанша?
Korkem
Бойыма сай, бойым 1.70, салмағым 58 пен 65.тін арасында мініп-түсіп, мініп-түсіп жүреді...)))
Aspan
тек, ол емес, бойыма ойым да сай десей, :)
konvict
Көркем қарындас, постыңыз жақсы екен. Әттең, тым ұзақ. Әдетте интернет контенттің қысқа болғаны жақсы
Korkem
муахахахах қайдағы қарындас?
Aspan
Көркем, «Чудо голоданиядан» басқа да аудармаларыңыз бар ма?
Сауығып, жасарып кетудің
ашығудан гөрі оңайлау, басқа жолдарын айтыңызшы!
a63a1
Конвик дұрс айтад, көп кісі оның ішінде менде бармын көвәріпті оқуға ерінеді) Нақты нақты ықшамдап жазған дұрысырақ болады
Korkem
ескеретін боламын
Ашығудан басқа семірмеудің жолы йога жасау,5-10 минут уақыт кетеді, есесіне өмір бойы семірмейсің.Хатха йоганың 5 түрі, сосын пресс жасау 100 рет, жұмысқа жаяу бару, обедке, кешке жаяу қайту.Тамақты да соға бер семірмейсің.Ет мет, көк шәй, түшпара, шоколад, сары май бәрі можно.Расымен де қысқа да нұсқа жазған жақсы ғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.