Сізге тоғыз дәрігер қызмет етеді

Салауатты өмір салты /
Денсаулығымызды нығайтуға табиғаттың тоғыз дәрігері көмектеседі. Пайдасын білмейтін емделушілер өздеріне-өздері зиянын тигізбесе, олар емделушіге зәредей зиян келтірмейді. Бұл дәрігерлер өте түсінгіш. Емделушіні іздеп те әуреленбейді. Бірақ, көмектесуге қашан да әзір. Жақсылығын жастан да, кәріден де, байдан да, жарлыдан да аямайды. Модаға айналған ең жетік операцияларды да жасамайды. Дәрі де бермейді. Укол да салмайды)))
Ол дәрігерлер бәрімізге таныс. Соларға жиірек барғаныңыз жөн. Денсаулығыңызды жақсартатын да, ұзақ өмір мен мәңгілік рахатына бөлейтін де солар. Ең алдымен жердегі тіршілікке түгел өмір сыйлайтын ең ұлы, ең күшті емші туралы айтпақпын.


БІРІНШІ ДӘРІГЕР — КҮН СӘУЛЕСІ


Оным мамандығы гелиотерапия (Күн сулесімен емдеу) болып табылады.
Шөптің әрбір жапырақшасы, жүзімнің әрбір сабағы, ағаш, бұта, гүл, жеміс пен көкөніс Күн қуатынан нәр алады. Жердегі тіршілік түгелдей Күннің қуатына, өміршеңдік қуатына тәуелді. Егер Күннің ғажайып сәулесі нұрландырып тұрмаса, Жеріміз мәңгі қараңғылықтың құшағындағы тіршіліксіз, суық орын болар еді. Күн бізге сәулесін сыйлаумен ғана шектелмейді, Оның қуаты қуатымызға айналады. Адам Күн сәулесін қабылдау арқылы денсаулығын түзеп, өмірін ұзарта алады. Күннің қуатынан қашқақтайтындар боп-боз көрінеді. Сіздің теріңіз Күн қаққан, қоңырқай болуы тиіс. Күнге сирек шығуымыздың салдарынан көптеген ауру туындайды. Күн сәулесі — бактерияларды өлтіретін қуатты құрал. Күннің сәулесі терімізге неғұрлым көбірек сіңсе, оның бактерицидтік қуаты да арта бермек.

Жас жеміс пен көкөніс жеу арқылы бойымызға өсімдік қанын сіңіреміз. Ал, жасыл өсімдіктер хлорофилл түріндегі Күн сәулесіне өте бай. Хлорофилл — өсімдікте жинақталатын Күн қуатының бір бөлігі — ағзаға аса пайдалы. Жасыл өсімдіктерде Күн қуатын жинақтайтын, оларды адам мен басқа да тіршгілк иелеріне дарытатын құпиялы сыры бар. Денеңізді Күнге шалдырып, тамақтың 60 пайызын жеміс пен көкөністен құрасаңыз денсаулығыңызды міндетті түрде жақсартасыз. Бірақ, Күн сәулесін аңсап қалған денеңіз ашқарақтықпен сәулені бірден көп қабылдап қоюы да мүмкін екенін ескеріңіз. Өміршең мұндай дәріні алғашқыда аз-аздан қабылдаңыз. Бірте-бірте көбейте түсіңіз. Әсіресе, таңертең қабылдағаныңыз жөн. Алғашқыда бес, он минуттан асырмаңыз. Әрине, түстен кейін де қабылдауға болады. Бірақ, азанғы сәуленің пайдасы көп. Сағат 11 мен 15-тің арасында Күн мейілінше ысып, мол радиация таратады.

Жас көкөніс пен жеміске бірте-бірте үйренген дұрыс. Пісірілген тамаққа бұрыннан үйреніп қалған адам пісірілмеген жеміс пен көкөністі бірден көп жесе, мазасыз реакцияға ұшырауы мүмкін. Күн сәулесі де дәл солай әсер етеді. Сырттай немесе іштей артық алынған Күн сәулесінің әсері жайсыз болады. Бірте-біртелік қажет дейтінім сондықтан.

Поль Брегг, денсаулық миллионері

3 пікір

qyrmyzy
Жалғасы??
Korkem
Келесі постта, күт
qyrmyzy
асыға күтем!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.