Темекінің зардабы. Өкпенің монологы...

Салауатты өмір салты /
Бұл өлең шумақтарын(өлең деуге болмаса да) бір акцияға қатысу үшін ойлап тапқан едік, қауымдастықтың затына сай болған соң жариялауды жөн көрдім.

Бұзылғандай реңі мына заманның,
Санасы да уланғандай адамның,
Маскүнем мен нашақорға айналған,
Бір кездегі батыр ұлы даламның.

Темекінің түтінін будақтатып,
Мәз болады бір істі тындырғандай,
Өн бойына «у» мен «дертті» жинап алып,
Өз тағдырын өздері сындырғандай.

Бұл қорлыққа шыдамады бір күні,
Ашуланған өкпенің де шықты үні:

"Әуел баста қанқызыл өкпе едім,
Алау оттай жалындап, дем сыйлаған.
Адамзаттың баласына өкпеледім,
Темекімен тынысын тұмшалаған.

Ойламасаң, өзіңді ойламағын,
Ойласаңшы болашақ ұрпағыңды,
Санасыздық дертіне бойламағын…
Бойламағын, бір сәтке ойлансаңшы!

Ей адамзат мен саған ақыл айтам,
Тыңда қане құлақ сал:
Жүрегіңде қан барда,
Пайдасы көп, зияны жоқ,
Тастағайсың шылымыңды,
Өн бойыңда жан барда.
"

12 пікір

Arhun
осы өлеңді бір демде жазған авторынан айналайын! Шығармасы, расы керек, тамаша шықты… Темекі мен шарап ұлтымыздың, ол тұрмақ жалпы адамзаттың бітпейтін \извечная\ проблемасы ғой, негізі
Jako
Дұрыс айтасың, дала да,қала да көп түтін.ол аздай жұтамыз көк түтін.
Lilacs
Есімде екеуміздің жазғанымыз, бірақ мына жерде менің сөзім жоқ. Сондықтан, менің аты-жөнімді өшіре салшы.
qyrmyzy
Жанар Сейтмат
?????
Togzhan
Бар еді негізі, жарайды өшірейін!)
qyrmyzy
Темекі тартатындар жылына пәленбаймың ақшаны темекіге жұмсайды екен, статистика естіп ем, есіме түссе, жазармын:)
Togzhan
Жақсы болар еді)
m170785
тамаша сөздер
EREIMEN
Шегетіндердің сөзімен айтсақ темекінің түтіні, ол өкпенің күтімі
dimash
Куп-кучтууу Токи))
Темекі, шарап и.т.д.и.т.п адам өз еркімен қоймаса, оны зорлықпен қойдыруға, немесе бағасын қымбаттатып жіберуге болмайды, одан да зорын, бізге беймәлім бірдене ойлап таппасына кім кепіл?
Шеккендер шегіп жүре берсін, тек жаңадан бастаушылардың алдын алу керек…

Өлең невероятно, невероятно великолепный! ))
followme_alik
Жақсы монолог. Өкпе иесі басқаша ойлайды:
Темекісіз өмірді елестету мүлдем қиын, негізі. Толқынданған түтіні ақ қағаз бен тығыздалған жапырақтарынан бөліне бастаған сәттен-ақ есіңді өзге бір сезім билеп, мұрныңа келген иістен тағы да құшырлана иіскеген күйі қайта-қайта терең тартып жібергің келеді де тұрады.©
@Q-L

)))____ Шылым шекпеңдер =)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.