Зоб деген не? Зоб ауруынан емделу, айығу туралы мағлұмат

Салауатты өмір салты /
суретЗобтың бір атауы-«жемсау». Зоб ауруы қалқанша безінің ұлғаюынан пайда болады. Қалқанша безі адамдарда кеңірсіктің алдыңғы қабатында орналасқан. Қалқанша безінің ұлғаюы мойының жуандауына әкеледі. Зоб ауруына шалдыққан кезде, қалқанша безінің қызметі бұзылып, қалқанша безінің гормондары не аз, не көп мөлшерде бөлінеді. Бұл ауру тек шығармашылық адамдарда ғана суретемес, барлық кәсіп иелерінде болады. Оның себебі, тұқымқуалаушылық, инфекциялар, психикалық жарақаттар, ағзаның әлсіреуі, шаршау, депрессия, орталық жүйке жүйелерінің, жыныс бездерінің дұрыс қызмет істемеуінен болады. суретсуретАдамдар күн тәртібіне бағынбай,, түнде ұйықтамай, дер кезінде тамақтанбай шапқылап жүргендіктен болады. Оларға диффузды токсикалық зоб тән (ГРЕЙВС-БАЗЕДОВ сырқаты). Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипеплазиясы салдарынан пайда болған зоб. Есте сақтау қабілеті төмендеу, депрессияға, жүйке тозуы, терінің кеуіп, шаш түсуі, ағза температурасы төмендеу, ағзаға су жиналып, қабынудың салдарынан салмақ қосу немесе салмақ тастау. Бет домаланып, өңі қашуы болады.
суретҚазақстан йод жетіспейтін аймаққа жатады. 2000ж бастап йиод жетіспеушілігі аурулары көбейді. Тұрғындар тағам құрамындағы йодқа ерекше мән берген жөн. Йод жетіспеушілігі тахикардия, қол дірілдеуі, аз ғана диффуздық жемсау сынды ауруларға себеп болады. Күйгелектік пайда болу, жылау, бұлшық ет әлсіздеу болады. суретАсқынған жағдайда ағзадағы тұз бен су бұзылып, тамақ астындағы без ісініп, адамның көздері сыртқа шығып, беттері өзгеріп, тыныс алу қиындайды. Жүйке талшықтары қозғыштығы төмендеп, ми геометриясы өзгереді.Жүректің минуттық соғуы кемиді. Миокард гипоксиясы қалыптасады. Ас қорыту кезінде қорытылуы бұзылады. Осыдан бастап қаназдық туады. Зоб ауруын емдеу дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ережесі барлық жерде бірдей.
суретЗобтың түрі көп. Соның Ішіндегі көп тарағаны-эндемиялық зоб. 3 сатысы бар;
1. қалқанша безі көрінбейді, сипалағанға сезілмейді.
2. қалқанша безі көрінбейді, бірақ сипалағанда сезіледі.
3. қалқанша безі жұтынған кезде көрініп тұрады.
суретАдам қанының құрамындағы йод мөлшері жыл мезгіліне байланысты азайып, көбейіп отырады. Қыркүйек, қаңтар айларында қан құрамында йод мөлшері азайып, ақпанда көтеріледі. Күн ысыған кезде мамыр айларында йод жоғарылайды. Еркектерге қарағанда, әйелдер 3-4 есе көптеп ауырады. Ағзадағы йодтың 90пайызы тамақ арқылы толықтырылады. Күнделікті тағам құрамына мән берген зор. суретЙод балықтарда, теңіз өнімдерінде, балдырларында, балық майында әсіресе көп. Теңіз қырыққабатында ламинарияда көп болады. Жемістерден; апельсин, лимон, банан,қауын, жүзім, ананас, құлпынай, алма, құрмада көп. Сүт, жұмыртқа, сары май, сиыр еті, бидай өнімдері өте йодқа бай. Жидектер; сарымсақ, шалқан, қызылша, картоп, кәді, сәбіз, қызанақ. Бірақ ет пен балықты қайта қайта мұздатқанда оның ішіндегі йод жойылады.
Ота жасар кезде соңғы асқынған жағдайда ғана жасаған дұрыс.
Зоб аяғы ауыр аналарда қауіпті жағдайға жетуі мүмкін. Себебі ауру асқынған кезде шақалақ өліп кетуі мүмкін. Жаңа туған нәрестеде қалқанша безінің дамымай қалуы, туа біткен гипотиреоздық қалыптасуы ықтимал. Қауіптісі нәресте ақыл есі кемтар болып туылмауы керек. Диагноз қойылған бала өмір бойы гормондық ем алуға мәжбүр. Уақтылы емделсе, эндемиялық зобтан қауіп жоқ. Зобтың токсикалық түрі ұзақ уақыт емделіп, дәрігерде болуы керек. Дәрігердің рұқсатынсыз бала тууына болмайды.
Егер зобтан отбасында біреулер ауырса, тұқым қуалауы мүмкін. Ол тиреоидтық гормон биосинтезінің генетикалық бұзылуы. Зобты емкім өзінше емдемеу керек. Эндокринолог дәрігерлер емдейді. Сырқаттың бірінші дәрежесінде тек қана йодталған Йодомарин, йодты калий сияқты дәрілер ішу. Йодқа бай тағамдар ішу.
Емі дұрыс жүрген адам, йодты тағамдарды үнемі пайдаланса сауығып кетеді. Зобтың тұқымқуалайтын, қатерлі түрлеріне шалдыққандары құлан таза жазылып кетпесе де, дер кезінде емделсе, сырқат созылмалы күйінде қалады. Науқастар берілген мөлшердегі дәріні ішіп тұру керек. Егер ем дұрыс жасалса,8 аптада жағдайы түзелуі тиіс. Кейде екі жылға дейін созылады. Қалқанша безінің көлемі қалпына келсе, бір жылдан кейін йод қосылған препараттарға көшу қажет.

Біле жүріңіз:
Дені сау адам шамамен 150микргграмм йод қажет.
Йод аздығы ағзаның химиялық, физикалық агенттерге қарсы тұруы төмендеп, ақыл есі кемиді
Зобты өз бетімен емдемеу. Және өте қауіпті.
Теңіз балдырлары, теңіз қырыққабаты, ет, сүт, жеміс жидектер ағазаға йод беретін тағамдар.
Ескерту
Бес жасқа дейінгі балалар;80-100мкг6 12 жас балалар;130мкг,12 жастан асқан жоғары балалар және ересектер;160мкг, жүкті әйелдер;200мкг мөлшерде йод қабылдау керек

5 пікір

dimash
Пайдалы жазба!
Забпен ауыратын адамның көздері жылтырап тұрады, әдемі көрінгенмен ол — аурудың белгісі.
Жігіттер, көзі жылтыраған әдемі екен деп үйленіп кетіп жүрмендер, ол тұқым қуалайды (орынсыз әзіл иа))
Нақты емі барын білмедім, зобпен ауыратын группамда да жетерлік…
m170785
зобпен ауыратын адамдар көп, 85 пайыз адам зобпен ауырады. Оның злокачественный және доброкачественный дегені бар, злокачественный дегені қауіпті және дер кезінеде ота жасап алуы керек. Ал доброкачественный дегені әлдеқайда басқаша
elena98_10
менде сондай аурумен ауырамын ,, калай емделуге болады,
alibek7778
Құрметті Қазақстандықтар! Егер сіз зоб дертіне шалдықсаңыз, білімсіз дәрігерлердің жетегінде көп жүріп қалмаңыз. Коп уақыт откізбей, операциясыз, табиғи жолмен гана емдеу керек сол кезде гана дерт тамырымен жойылады. Операцияга жоламаңыздар, 8778 606 77 78 номеріне хабарласыңыздар. Табиғи жолмен емдеуге шақырамыз!
alibek7778
Жазылған пікірді қайта өшіре алмайтынымыз өкінішті! Мен осыдан 1 жыл бұрын тибет компаниясында істедім. Қазір ол компания жабылды. Зобқа арналған иодталған пластырлар бар еді. Біраз адамдар сомен жазылған. Өкінішке орайы қазір ол пластыр жоқ және ешқандай ақпарат бере алмаймын. Жоғарыдағы (alibek7778) пікірі өз күшін жойды! Енді звондап немесе пікір қалдырмауларыңызды сураймын!!!
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.