Темекінің зияндылығы жайлы

Салауатты өмір салты /
Темекінің әр талы адам өмірін 12 минутқа қысқартатыны дәлелденген шындық көрінеді. Сондай-ақ, оның басты зияндылықтарын айтар болсақ, төмендегідей тізім пайда болады:
1. Ерін тіл және өңеш рагына жол ашады.
2. Ас қорытуды қиындатады, тәбетті қайтарады.
3. Асқазанда жара пайда болуына көп әсері бар.
4. Өкпе мен көмекей рагына ұшыратады.
5. Қол-аяқ тамырлары бірте-бірте бітеледі. (Гангренаға айналып, қол, аяқ кесілуге дейін барады).
6. Миды қамтитын тамырларда да қатаю пайда болып, клеткалары өледі және ол орнына қайтып келмейді.
7. Жүрек ауруларына (инфарк) шалдығады.
8. Тез қартаяды, теріде әжім пайда бола бастайды.
9. Бел әлсіздігінің ең басты себебіне айналады.
10. Темекі өрттің шығуына да ықпал етеді. Соның кесірінен үй, орман өртеніп, адам өліміне де душар етуі мүмкін.
11. Темекі екіқабат әйелдерге зиян береді. Сырқат сәбидің дүниеге келуіне негіз болады. Тіпті, баланың өлі тууына да себеп болуы ықтимал. Түсік тастауға да алып келуі ғажап емес. т.б.
12. Бала емізетін әйелдерде никотин емшек сүтіне араласып, осы арқылы сәби уланып, туберкулез, өкпе, мазасыздану т.б. сырқаттарға ұшырайды.

Темекінің зияндылығының негізін оның құрамындағы көптеген қатерлі элементтерден түзелетіндігінен байқауға болады. Темекі түтінінде 4000-ға жуық химиялық зат бар екендігі анықталып отыр. Оның бір де бірі адам ағзасына пайдалы емес, барлығы бірдей залал. Оның ішінде никотин, шайыр, көміртегі тотығы және кансереген секілді заттардың зардабы аса ауыр болып келеді. 100 мг. никотинді бірден қабылдаған адам өледі. Бұл никотин мөлшерін екі қорап темекіден алуға болады. Әрине, екі қорап темекі шеккен адам өле қоймайды. Өйткені, ол оның бәрін бір сәтте қабылдап үлгермейді. Адам оны күні бойы шегеді. Сондықтан, улана қоймайды.

Тек бір тал темекі тартқан адамның бүйрегіндегі бездерден арденалин және норадреналин деп аталатын гармондардың бұзылуы басталады. Асқазанның қышқыл сұйықтығы (запыран) артады. Адамның тыныс алуы тездейді. Жүрек соғу жиілеп, оның қалыптан артық жұмыс істеуіне алып келеді. Қан қысымы артады. Міне, мұның бәрі бір тал темекідегі никотиннің әсерінен болған жайттар. Мұның соңы адамды аса қауіпті асқынған ауруға душар етуі әбден мүмкін.

Шылымқорлар шетінен ұмытшақ болады. Олардың күш-қуаты азайып, шаршауы көбейеді. Әлсізденеді. Әрекет етуге құлықсызданады. Тәбеті тартпайды. Ұйқысы қашады.
Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын.

Темекі — адам денсаулығына қауіптілігімен қатар темекіге деген тәуелділіктің пайда болуын тудыратын өнім. Әбден дағдыланып алған құмарпаздық дерті — үйреніскен темекіден қалай құтылуға болады? Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты.

Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт — ораза ұстайтын қасиетті рамадан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылмауына ешбір себеп жоқ. Кейбіреулер темекіні біртіндеп қою тәжірибесін ұсынады. Негізінен, мұның нәтижесін көргендер көп.

Темекі санын күн сайын азайтып, ақырында біржола, ада-күде арылуға болады. Темекі тастаған соң, оны қайтадан тартпаудың да маңызы зор. Темекі есіңе түскенде басқа бір істермен айналысқан жөн. Қатты қиналсаңыз, Алла Тағалаға дұға етіңіз. Бұл сізге бір рухани күш береді, сол сәтте темекіні ойлаудан тияды.

Темекіні тастағандағы пайдаңызға келейік. Ең әуелі, организміңізді көміртегі тотығы, никотин, шәйір (қарамай) және басқа да улы зиянды заттардан тазартасыз. Деміңіздің сасық иісі айығып, тісіңіз тазаланады, рақат тыныс алатын боласыз. Жүрек ауруларынан қаупіңіз азайып, түнде жайлы ұйықтайсыз. Дәм айыру қабілетіңіз артады. Әртүрлі тағам түрлерінің соншалықты тәтті екенін бұрын білмей келгеніңізге таң қалатын боласыз. Ортаны, отбасыңызды, жолдастарыңызды темекі түтінімен уламайсыз. Кіріс жағынан да пайдаңыз бар. Темекіге жұмсаған ақша қалтаңызда қалады.

Өзіне де, өзгеге де жақсылық ойлайтын адам темекіден тездеп құтылуды ойлайтыны анық. Сондықтан, қазірден бастап қоғамымызбен бірлесе отырып, темекіге қарсы күрес жүргізіп, темекінің зияндылығын түсіндіру қажет, Ол үшін мынадай шараларды қолдануымыз керек:
1. Темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салу;
2. Темекі қорабының сыртына қатаң ескертулер жазу;
3. Кәмелетке толмағандарға темекі сатуға тыйым салу;
4. Қоғамдық және жұмыс орындарында темекі
шеккізбеулеріне әртүрлі шаралар қолдану;
5. Оқу орындарында балаларға салауатты өмір салты туралы сабағын енгізіп, темекінің зиянын айқын ашып айту.

6 пікір

followme_alik


Шылымға «жоқ!» дейміз)
aisulu_97
Дұрыс айтасыз!
davidoff
ыыыййййй суретке қараш!!! даже көзге жағымчыз!!! ЗИяннн
pana
осыларды темекі шегетіндер оқымайтын сияқты, ал оқитындар шекпейді,
MSHERIMBEK
Келесіде басқа сайттар мен газет-журнал, рефераттардан көшірмейміз иә)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.