Кекірікті кетіру амалдары

Салауатты өмір салты /
Көптеген адамдарда осы кекірік, түсінікті тілмен айтқанда асқазандағы газдың ауыз қуысынан шығып, мазалап жатады. Көбінесе газдалған сусындарды жиі пайдалағандықтан, тамақты өте аз жегендіктен, сөйлеп, тамақпе қоса ауа жұтқаннан болады. Кейде тағам түрлері де әсе етеді. Асбұршақ, үрмебұршақ, қырыққабат, ыстық нан, ашытқының түрлерінен де болады. Қорытылып, іштегі ауа кейде ауыз қуысынан шығып жатады. Үнемі кекірік мазалап, уақытымен асса, міндетті түрде дәрігерге көрінуі керек. Кейде бұл жағдай асқазан мен аш ішекте ақау бар екендігін білдіреді.

Егер кекірген кезде:
Ауызда қышқыл дәм пайда болса, онда қышқылдығы жоғары гастрит және асқазан жарасы ауруларынан;
Ауыз қуысынан жеген тағамдар немесе ащы сарғыш су шықса, ет жолдарының дерті;
Кекіргенде ауыз қуысынан ащы қақырық шықса, асқазандағы қатерлі дерті;
Кекірудің басты себебі асқазан мен өңеш ортасын бөліп тұратын бұлшық ет механизмінің бұзылуынан болады.

Кекірік жиі мазаласа, бірінші арнайы құралдармен асқазан, өнеш, аш ішекті тексерткен жөн. Асқазан сөлінің дұрыстығын және дерттің бар жоғын анықтайды. Нәтижесінде қатерлі ісік дертінің бар екендігін күмән туғызса, тексеріске алынадыв. Қажет болғанда бастысы асқазан мен ішекті тексертіңіз.
дәрігерде болып, барлық тексеруден өтсеңіз, ауру белгілері кездеспесе, тамақтану режимін ұстаңыз, газдалған сусыннан, ішті жеңіл желпі, дайын тағамдардан, ащы тағамдардан, ащы наннан және мөлшерінен асқан ашытқыдан бас тартыңыз. Тамақты жиі, бірақ аз мөлшерден жеуді әдетке салыңыз. Бастысы көк шай ішу.

Кейде сәбилер еміп, емізген соң, тігінен ұстап, арқасынан сипап кекірткен пайдалы. Баланың ішіне жиналған желдер ауыз қуысынан шығады. Мазасызданбайтын болады. Мүлде кекірмейтін сәбилердің іші ауырып, кекірмейтін сәбилердің іші ауырып, жылайтыны осыдан. Ондайда арқасынан жаймен қағып, мазасызданса, етпетінен жатқызып, алақанымен ішін ұстап, көтеріп, ішкен тамағын кекіртуге амал жасаңыз.
Еміп жатып, жыласа, сәл уақытқа емізуді тоқтатып, тігінен бпасын иығыңызға қойып, арқасынан қағып, сипап кекіртіңіз, ішінде желдің бары, кекіргенжағдайда жылағаны қойса, қайтадан емізіңіз. Нәрестені емізген соң 5 минут сайын кекіртіп тұруды естен шығармаңыз. 6 айлық бала тамақтанып болған соң 15 минут отырғызып, тамағы сіңсе, жиналған желдер ауыздан шығады.

Кекіріктен кетіру амалы:
1. 1стақан суға 2 шай қасық алма сірке суын құйып, ас ішкенде бір жұтымнан ішеді. 10 күнде нәтижесін береді. Мөлшерінен көп қолданбаған жөн.

2. 100гр мүкжидек шырынына 100гр алоэ шырыны, 1 шай қасық бал қосып, 200мл қайнаған суға араластырыңыз. Бір апта бойы күніне 3 рет 1 қасықтан ішіп, емді 1 айдан соң қайта жалғастырыңыз.

3. Кекірікке ешкінің сүті пайдалы. Ешкі сүтін күніне 3 рет не болмаса күн сайын жарты литрден ішу керек. 3 айдан соң кекіріктен мүлдем құтылуға болады. Кейде бұл мезгілден де ерте шипасы болуы мүмкін. Бұл ем түрі үлкен деген кекіріктің өзін жазады.

4. Егер кекірік асқазан дертінен пайда болатын болса, тамақтан соң суға сода немесе магнезиядан шай қасықтан төрттен бір бөлігін салады.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.