Қыста жүгірудің орны бөлек

Салауатты өмір салты /
Қыстыкүні жүгірудің орны бөлек. Түнде дайындап жатқан киімдерді ұйқылы ояу жапсырып, шығып бара жатасың. Баскиім, қолғап, талстовка, красопкі… Құлақта – құлаққап, сүйікті аудио ойнап бастады. Сыртқы есікті ашып, салқын ауа бетке өбкенде, «бүгін шықпай-ақ қойсам ба екен» деген ой кеп кетеді. Дала да тас қараңғы. Қыырт… қырт… Алғашқы қадамдар… Тұла бойың шымырлап, күйбең қозғалысқа түсесің… Бұл тек бастапқы минуттар ғана. Ағза сыртқы ортаға үйренісіп жасап жатыр. Келесі айналымда ештеңе елемейсің де. Бір кісілер өтіп жатыр ма, аяқтың сықыры, ауыздан шыққан бу өз қызығын жоғалтады. Дене біраз қызып қалған, тоқтағысы келмейді. Ой болса мүлдем басқада. Әрнені ойлап, жаңа күнге моральды-эмоцияналды дайындық жүріп жатады.

Жаңа күнді қарсы алу – ерекше бір сезім береді. Өзігінен кеудеңді қуаныш кернейді. Сондай бір шақтарда көшеде кездескен бейтаныс кісіге «жарайсың, рахмет» деп қолынан қысып-қысып жібергім кеп кетеді.

Медицина мамандары жүгірудің қан айналым, тыныс алу, нерв жүйесі, жалпы адам ағзасына тигізетін түрлі пайдалы әсерлері жайында айтады. Меніңше, әрбір кісі өз денсаулығын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін күнделікті жүгіруі керек. Одан бөлек, таңмен жүгіру адамды тәртіпке, өз нәпсісін жеңуге үйретеді. Итіңді ертіп жүгірсең мүлдем көңілің көтеріледі. Жаңа күнді жүзіңде күлкі жайнап қарсы алған жақсы емес пе? Оқуда, сабақта денең сергек жүреді. Іздеген кісіге пайдалары көп-ақ. Және де жүгіру ең қауіпсіз, әрі пайдалы спорт түрінің бірі. Денсаулық үшін, қисық мұрын, пельмен құлақ-талтақ бұт не қажет? Ар жағын айтпай-ақ қояйын) Денсаулық үшін жүгірейік!!!

21 пікір

followme_alik
Temple run

… соңғы уақытта Д/М. ғана жүгірткен шығар. Толықтай қосылмақпын_пайдалы :)
ereke_enu
Д/М не нәрсе?
followme_alik
Оо, Дене мәдениеті) ..өзгеше Дене шынықтыру.
didi0393
Jazda jugirgem no kysta vryadli. Korkam )))
followme_alik
Қардан?
Қардан?
Қардан?
...?)
didi0393
kardan, karangydan, adamdardan )));-)
ereke_enu
Қорықпаңыз, қыстыгүні таң атпай паркте жүруге қылмыскерлердің өзі қорқады))
korwinin_kyzy
самтайм 2 мин скакалкамен секырген пәленше км жұгыргендей болады дид кей деректерге суйынсек
ereke_enu
Жүрейік сол енді таң атпай скакалка ойнап)))
Karakulov
Куш жумсау молшерин айткан болар — айтпесе, скакалка секиргенде жугиргендегиден озгеше булшыкеттер жумыс истейди — сиз омир баки скакалка ойнай бергеннен жазык бойында катты жугиретин болап кетпейсиз — оте аз гана асери болады арине — бирак курткан уакыт пен кушке турмайды.
qyrmyzy
Таңертең үй-аялдама-аялдама-жұмыс аралықтағы жүгірісім жететін сияқты. Кешке де дәл солай. Сосын баспалдақты да қоссам, біраз болып қалады екен. Шүкір!
ereke_enu
Женская железная логика)))
davidoff
Қыста шымыр АЮдың өзі ұйқтайды ғой. Няғыласың жүгіріп????
ereke_enu
Жүгіргені былай, салқын суға шомылап десем ше?) АЮда шомылмайд та?
davidoff
Ол қыста душ алуға ерінеді ғой, сен де дейсің, қха
Karakulov
Денсаулық үшін, қисық мұрын, пельмен құлақ-талтақ бұт не қажет?
Озге спорт турлерин де сыйлау керек.
ardak1996
таңертең 5-50де кл балдарын оятамын. Көрші класстасым бар екеуміз кетеміз стадион жаққа қарай. Көбіне сіңлімді оятып, алып кетемін. Кейде аяяяп кетемін, тәтті ұйқысын күнде бұзамын. 11жігіт, мен, мамам, сіңлім болып жүгіреміз. Сосын стадиондағы орындықтар бар, солардың арасынан жүгіреміз. УФФ, кәдімгі ол сезімді жеткізе алмаймын. Алдыңғы жылы 1круг жүгіргенге ырсылдап, оң жақтағы соқырішек жағым ауыратын еді, қазір 12круг мен үшін дым емес(бірақ өте жәәәй жүгіремін). Мамда кәдімгідей күні бойы сергек жүреді.
ОЧЧЧм жүгіріп көріңдер, өкінбейсіңдер, ұйқыны қиюға тұратын іс. Кл қыздарды көндіре алмай қойыдм((
ereke_enu
)) Жарайсыңдар!!! Міне, нағыз салауатты өмір!
ardak1996
ааа айтпақша ТАЛАПКЕР 2013! мен диктафонға тарих пен биологиянының сұрақ жауаптарын жаздым.Пайдасы ұшан-теңіз. Таңертең есте сақтау өте оңай. Уже сұрақ оқылып жатырғанда, өзім жауабын күбірлеп айтып жүремін. Жүгіруге соларды тыңдап жүгірсеңіз, есте сақтау өте оңай)
AL-ASTER
Өте жақсы пост. :)

Кешке де жүгіруге болатын көрінеді. Жыл сайын қаладағы өзен/каналдардың үстіне, жазық жерлерге хоккейный корт жасап қояды, жылда қыс түсе көктемге дейін конькиге шығамыз балалармен.
Конькимен сырғанау денсаулыққа пайдалы, шаршау шығады. Кешкі 6 кезінде үйден шығып, кейде ауланың балаларын, көбіне қаланың жан жағынан келіп бір жерге жиналып топ болып барамыз, сосын түнгі 12-ге дейін жүреміз. Біреулер келіп, біреулер кетіп жатады. -40 градуста да шығып кете береміз. Жақсы достар табуға, ойнап күліп қызықты оқиғалар орын алып жатады. Ех… Қайран сол шақтар… Осы жылы олай болмайтын сияқты боп тұр.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.