Көңілді уақыт / "Мұз - Сарайы" Шымкент
Саламаттық болсын, айтаберлік достар!
Соңғы күндері, көгілдір экран алдында отырып жалықтым. Не дегенмен, демалыс қой. Ешқайда шығуға да шабыт жоқ… Соңғы рет Блогқұрылтайға ғана барып едім… Сол көңіл көтергеннен кейін әлі шыққаным жоқ. Содан не керек, Dan4ik — қа телефон шалып, мұз айдынына баруды шештік… Бұдан алдын мұз айдынына тек, жаттығып біраз сергу үшін баратын едім. Бұл жолы Данияр бауырыммен қысқаша видео-блог түсіруді ойластырдық… Еш дайындалғанымыз жоқ… Бірақ, қызық болатынына сенімді болдым… Бұл біздің 1-ші видеомыз болғандықтан, «строго судить» етпеулеріңізді сұранамын…ҚЫЗЫҚТАРЫ СОҢҒЫ ЖАҒЫНДА…
Видео көрсетпесе, мына сілтемеге өтіңіз...(Kiwi.kz)
Видео көрсетпесе, мына сілтемеге өтіңіз...(Яндекс)
21 пікір
Алматыға келіп жатсаңдар міндетті түрде бірге Медеуге барамыз) Коньки деген өте жақсы хобби.