Қаба сақалдылар

Салауатты өмір салты /
Қысқа етек киген қыз көрсе қырғидай тиіп, сынның астына алатындар болады ғой:
— Сирағыңды сидаңдатып, не табайын деп жүрсің?!
— Ұзын етек кисең, қиылып түсіп қала ма?!
— Ойбай-ау, пәленшенің қызы бұзылып тыныпты! – дер көзіңді бақырайтып, еріндерін сылп-сылп еткізеді әйелдер.
Ондайда құлағы үйренгендері естімегендей өтіп кете берер, ал кейбіреулері ұяты бетіне шыға қызаратын еді. Өздерін шынымен бұзылған қыз екен деп ойлап қалды-ау деген ой мазасын алатын. Басқа уақытта келте көйлек кисе де, дәл осы сыпсыңдаған әйелдердің алдында өсек сөзге тамтық болмас үшін олай жүрмеуге тырысады…
Осы күнде көшеде қаба сақалдылар қаптап жүр. Соларға да дәл осылай дүрсе қоя беретін болса ғой.
— Мынау не қылған сақал?!
— Сақалсыз жүрсең, бір жерің кеміп қала ма?!
— Сыртың қандай жабайы болса, ішің де сондай бей-берекет біреу шығарсың?!
Шынында, ұзын етек көйлек киюге болатын сияқты, сақалды да әдемі етіп қоюға болады емес пе.
Әй, қайдам! «Бәлекеттерден аулақ жүрейік. Жақпай қалып, бірдеме жарып жіберіп, ет болып шашылып қалмайын, тағы!..» деп бүкшеңдеп кетіп бара жатқан адамдар.

25 пікір

zhangul
Ал сіз сақалға қалай қарайсыз?
Jako
40-жыл боды сақал қойғаныма, бір кездері қарасақал едім, қазір көксақалмын-ау деймін)))
zhangul
Абайдың сақалындай әдемі екен. Бүгінде жап-жас жігіттердің ұзын сақалды бетімен жіберіп жүргені ойландырмай ма?
Jako
Тарам-тарам бетімен кеткен сақалдарды көргенде қиналамын, ал енді солар өздерінен басқа басқа мұсылман жоқ деп ойлайтыны ойға түссе аяймын оларды.
MSHERIMBEK
охооооооооооооу, ағасы :))) не деген нұрлы дидар мына рәсімдегі :)
MSHERIMBEK
5-6 жылдан бері сақал қоям :)
zhangul
Сақалды сән үшін қоясыз ба? Әлде басқа да ұстанымдарыңыз бар ма?
MSHERIMBEK
Басқа ұстанымым бар сияқты ма :))) Құдддай сақтасын :)
zhangul
Мумкин ешқандай ағымға қатысыңыз жоқ шығар, бірақ есті адам есер әдеттен аулақ болатынын ұмытпаңыз. Жеке басыңызға, намысыңызға тием деген ойым жоқ, тек шынында да осы күні қаба сақалдылар көбейіп кеткеніне қынжылам. Бір бәлекеттер басып келе жатқандай үрейленемін де…
MSHERIMBEK
Ал, мен оларды жек көрем! Ал, мені жек көретіндеріме теңеу яки солардан деп ойлау мені қатты ашуландырады. Қаба сақалдылар көбейді екен деп сақалымды алып тастамаймын. Олар келмей тұрып та қоятын едім. Өзіме ұнайды және үйреніп қалғанмын. Адамдардың мен туралы не қаңғыған ойлары бар екендігіне 347 метрден түкіргенім бар шыны керек. Кешіріңіз Жангүл! Пікірім сізге емес, сауатсыз ойланатын адамдарға арналады.
Jako
Садықтың сақал қою мәнерін «еркіндік стилі»-деп атаса болатын сияқты.Шет елдерде көп жүреді ғой, Европаға барғанда«хвостик», Малайзияға барса шашын еркіне жіберіп, өзіміздің ауылға келгенде бейсболка киіп жүре береді.Негізі жрасады.
Соңғы өңделген уақыты:
zhangul
Мұсылманшылықтың да өз жөн-жосығы бар емес пе, ал сәнге келгенде,… жігіт болсам жас кезде Шоқан сияқты қиылған мұрт қоюға, жас келгенде Абайға ұқсап мұрт пен сақалды үйлестіруге болады. Ал мұртсыз сақал сәннің емес, боямашыл ағымның сипаты сияқты.
MSHERIMBEK
Маған қызық болып жатыр да, Жангүл :) Егер еркектер қыз балалардың қасын былай қисын, шашын былай қисын, — деп талқылап отырса қалай болады екен дейм да :) Негізі, сақал мұрт еркектің ісі ғой деп жатқаным да. Әйтпесе, бір ағымның адамдары үшін өз қалауларымен жүрген қаншама жарасымды мұрт және сақал иелеріне* кесірін өзіміз тигізіп жүрміз. Ағым жайында айтсаңыз да оның ішіндегі идеологиясын айту керек. Сыртынан көре көбірек іші зиянды олардың. Ал, былай жаһанданып қарайтын болсақ, ретті қойылған мұртсыз сақалдарды Европа һәм Азияда күнде көріп жүрміз. Олардың дініңізбен шатағы жоқ :)

*еркектерге
Соңғы өңделген уақыты:
zhangul
Айтары жоқ, қыздардың қасы-көзі қашанда әңгіменің тұздығы. Ешкім біреудің ой-пікіріне кісен салып қоя алмайды. Қиял деген нәрсе шексіз. Дей тұрғанмен, қоғамның жат әдет-қылықтарын қолмен сыпырып ала алмаса да, ауызбен талқылап отыруы лайықты заңдылық. Кім қалай жүрем десе де әркімнің өз еркі. Сол еркіндіктен де қаба сақалдылар ортамызда жүр деп ойлаймын.
Jako
Садко, орыстардың «Мужчина без усов, как женщина без тру*ов»-деген қалжыңы қазақтарға жүре ма?)))
zhangul
көселер қайтпек сонда…, үнемі жалаң бұт жүргендей жүред ме,… құдайдың басқа салғаны-ай деп арасында зарлап қоятын шығар
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
tonukokке (Қарасақалға) айтып жатқан әзілім ғой,әшейін.Әлі біздің сайтта Сарысақал, Ақсақалдар да бар)))
Соңғы өңделген уақыты:
MSHERIMBEK
Лев без гривы львица
Мужик без бороды девица
деген мақалдары да бар аға :)))
Jako
Ха-ха-ха)))…
ereke_enu
Сақал қою — дінде бар нәрсе. Сондықтан, «сақалдылар жарғыштар, қате уағыз» деу қате пікір. «Жарғыштардың» да бар екені рас, сақал қоятыны да рас. Солардың кесірінен әлемдегі ең бейбіт дін, Алланың хақ жолы мұсылмандық-имандылыққа «терроризм» деген күйе жағылып тұр емес пе?!

Қазір күшік пен мысық қана дін жайында айтпайтын болды. Дін — біреудің өмірі, сол үшін өлуге бар. Олай болса, өзгенің өміріне анығын білмей, қол сұғып қажеті не?

Жүз-руға, шала қазақ/нағыз қазақ, қаба сақал/әдемі сақал, осылай бөліне берсек, ертең дымымыз қалмайды. Дәл осыған мүдделі топтар бар. Біреулердің ойынына алданбайық.
Еркіндік қыраны шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте,
Алыптың қуаты — халықта,
Халықтың қуаты — бірлікте.
yesbolat83
Осындайда Көршінің қызы еріксіз еске түседі. Ол болғанда сенің бетіңді тілгілері сөзсіз.
Сенің біреулердің қойған сақалында не шаруаң бар?
zhangul
Сенің біреулердің қойған сақалында не шаруаң бар?… әрине, шаруам бар. Әр адам сызылған қыз немесе жымсиған жігіт қана емес, бала тәрбиелеп отырған ата-ана, қоғамның бір тетігін ұстап отырған маман, яки мына өмір сүріп жүрген ортамызға бей-жай қарай алмайтын тұлғалар дер едім. Сақалдылардың жиылып алып, біреудің баласының басын айналдырып, жиһадшылыққа жөнелтіп жатқаны жаныңызға батпай ма? Бұрында әр ана «жұмысым қанша» деп жүре беруші еді, енді бір қарағанда өз баласы беліне бомба байлап кетіп бара жатса «жұмысым қаша» деп тұрмас
Jako
Еске, сен Көршінің қызын қатты сағынып жүргенің көрініп тұр)))
Delfina
Ақ пен қараны айыра алмайтын заманға жеттік қой. Сақалдының таза жолда жүргендері бар бірақ оларды бүлік шығарушы сақалдылар басып кетіп жатыр емеспе?
Korkem
«Салауатты өмір салтында» не істеп жүрген сақал бұл десеңші)) Қыздарға тиістік шашың қысқа, юбкің қысқа, ашық-шашық деп, енді сақалға көштік пе?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.